65
де ДНҚ-ның арнайы бояуышы қосылған ерігеннен кейін қатып
қалған
агароздан тұрады, оларға мысалы, ДНҚ-ның арнайы бо-
яуышына екітізбекті ДНҚ фрагменттерімен төзімді қосылыстар
түзетін бромды этидия жатады.
Гельге құю кезінде тарақтар
көмегімен арнайы шұңқырлар
қалыптастырады, кейін бұл шұңқырларға амплификация өнімдері
салынады. Гель пластинасын горизонтальды гель-электрофорезге
арналған аппаратқа салады жəне тұрақты кернеу көзіне қосады.
Теріс зарядталған ДНҚ гельде «минустан» «плюсқа» қарай қозғала
бастайды. ДНҚ-ның өте қысқа молекулалары
ұзын молекулаларға
қарағанда, жылдам қозғалады, ал бір өлшемдегі молекулалар
бірдей жылдамдықпен қозғалады. Гельдегі ДНҚ-ның қозғалу
жылдамдығына
агароз концентрациясы, электр өрісінің кернеулігі,
температура, электрофорездік буфер жəне аз деңгейде ДНҚ құрамы
əсер етеді.
10 минуттан 1 сағатқа дейін созылатын электрофорез
аяқталғаннан кейін гельді ультракүлгін диапозонда (254-310 нм)
жарық шығаратын трансиллюминатор фильтріне салады. ДНҚ
жұтатын ультракүлгін энергиясы 260 нм
аймағында бояуыш мо-
лекуласына беріледі, ДНҚ жұтатын ультракүлгін энергиясы бо-
яуыш молекулаларын көрінетін спектрдің қызғылт-қызыл облы-
сында сəуле шашуға (флуорисцерлеу) мəжбүрлейді, бұл, агарозды
гельде амплификациялық қоспаны электрофоретикалық түрде
бөлгеннен кейін, оларды жарқыраған
жолақтар ретінде тіркеуге
мүмкіндік береді (
6-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: