88
бақылау зертханаларында атомдық спектроскопия, полярография
жəне спектрофото-метрия əдістерін қолданады.
Атомдық спектроскопия əдісінің атомдық эмиссия жəне
атомдық абсорбцияға негізделген екі түрі бар. Сыналатын
сынаманың минерализат ерітіндісін ауа-ацетилен жəне
ауа-про-
пан жалынында жандырады. Минерализат ерітіндісіндегі метал-
дар жалынға түскеннен кейін атомдық күйге ауысады. Жалынның
бос радикалдарымен соқтығысқаннан кейін кейбір атомдар қозған
күйге ауысады. Қалыпты жағдайға енгеннен кейін атом зерттелетін
металға тəн энергия таратады. Осы құбылыс атомдық-эмиссиондық
спектрометрия негізін құрайды.
Бірақ жоғары температуралы жалынның
өзінде атомдардың аз
ғана үлесі қозады. Қозбаған атомдарды өзінің толқын ұзындығы ре-
зонансты (яғни толқындарының ұзындығы осындай сыртқы көзді
талданатын атомдар қозу кезінде сəуле шашады) сыртқы көзден
сəуле жұтқызуға болады. Бұл сəуленің бір бөлігін зерттелетін
элементтің атомы жұтады, жұту шамасы
ерітіндідегі анықталатын
элементтің концентрациясына пропорционалды. Осы құбылыс
атомдық абсорбциялық спектрометрия негізін құрайды.
Тағам өнімдерінде реттелетін уытты элементтерді талдау үшін
жəне міндетті сертификаттау барысында растауды талап ету үшін
атомдық-абсорбциялық спектрометрия əдісін қолданады, себебі ол
жоғары сезімталдығымен, ұдайы өндірісімен жəне селективтілігмен
ерекшеленеді. Бұл əдіс
қорғасын, кадмий, мырыш, мыс, хром жəне
басқа металдарды анықтауға қолайлы. Осы əдіспен сынап жəне
мышьякты талдау үшін жабдыққа аз өзгеріс енгізу қажет. Мыса-
лы, сынапты анықтау үшін суық буландыру техникасын қолданады.
Минерализаттың талданатын ерітіндісіндегі Hg
2+
сынап ионда-
рын Hg° сынап молекулалық формасына дейін қалайы хлоридімен
тотықсыздандырады, Hg° буланып, арнайы абсорбциялық ұяшыққа
жиналады. Осы жағдайда сынап буы жұтқан сəулелену қарқындылығы
өлшенеді. Минерализатқа қатысатын
қосылыстардың ішіндегі мы-
шьякты оның ұшпа туындысы – арсинге дейін тотықсыздандырады,
содан кейін ұқсас сəулелердің жұтылу деңгейін арсин буымен
өлшейді. Мышьяк жəне сынапты анықтау əдістерін іске асыру үшін
өлшеу жабдықтарына арнайы тіреуіштер əзірленген, бұл жабдықта
анықталатын элементтердің ұшпа қосылыстарға дейін тотықсыздану
процестері жəне олардың булануы автоматты режимде жүреді.
Уытты элементтерді анықтау үшін
Достарыңызбен бөлісу: