“Ғылым” баспасы Нұр-Сұлтан 2019


МАЙШАМНЫҢ ЖАРЫҒЫМЕН ӨТКЕН



Pdf көрінісі
бет2/23
Дата22.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#103026
түріБиография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Ш.Айтматов-Балалық-шақ

МАЙШАМНЫҢ ЖАРЫҒЫМЕН ӨТКЕН 
КЕЗДЕСУ
1998 жылы Шымкентте бұрын-соңды қала тұрғындары 
көрмеген бір сұмдық қыс болды...
Бірақ, оған табиғат кінәлі емес еді. Өткен жылдардағы 
жылымшы қысқа алданып қалған шырайлы қала шын 
мәнінде мұндай суықты күтпеген-ді. Сондықтан да, жылу 
дегеніңіз жазбен бірге қол бұлғап, қимай-қимай қоштасып 
қала берген-ді. Оның үстіне «жұт жеті ағайынды» 
дегендей, жыл басынан бастап жарық болмады. Газ да 
сыздықтап, бірде келіп, бірде келмей өлеусіреп тұрды да, 
қыс ортасына жете бере жалп етіп сөнді.
Қысқасы... көктем туып, жер дегдігенге дейін жұрттың 
өңі кіріп, тұмсығы жылынған жоқ. Жалпы, адам баласы 
тұрмыс-тіршіліктің қиыншылығы мен ауыртпалығын тез 
ұмытады ғой деймін. Себебі, қазір шымкенттіктер сол бір 
жылы көрген құқайын тіпті, естеріне де алғысы келмейді. 
Керісінше, одан кейінгі қуанышты оқиғалар жадымызда 
сайрап жатыр.
Міне, бүгін менің есіме түсіп отырған оқиға да тап 
осындай, жан сарайымызды жадыратып, көңілімізді 
қуанышқа бөлейтін жәйттерден құралады.
Сол жылы сәуір айында Шымкентке ұлы жазушы 
Шыңғыс Айтматов келеді екен деген хабарды естіп, 
құлағымыз елең ете қалған-ды. Содан соң-ақ, өйтіп-
бүйтіп ретін тауып, қадірлі қонақты қарсы алатын арнайы 
топтың құрамына кіруге ұмтылғанбыз. Бұл енді, ұзақ 
әңгіме. Сондықтан да, өткен күндердің ұсақ-түйегін қазір 
жіпке тізіп жатпай-ақ, бірден негізгісіне көшсек деймін.
Иә, сөйтіп, сөз құдіретіне бас иген асыл ағаларымыз 
Адамзаттың Айтматовы деп бағалаған ұлы жазушы сәуір 


7
Балалық шақ
айының жаймашуақ күндерінің бірінде Люксембургтен 
Мәскеуге ұшты. Содан соң, Домодедово әуежайынан 
Ташкентке ұшатын ұшаққа отырды. Ол кісіні мұнда 
ақын ағамыз Мұхтар Шаханов күтіп тұрған болатын. 
Сондықтан да, Мұқаң Шықаңды әуежайда бірден 
машинаға отырғызып, Шымкент шаһарына қарай жол 
тартты.
Бұл кезде оңтүстікте күн жылынғанымен, жарық әлі 
жанбаған уақ еді. Түнгі сағат он екіден бастап облыс 
әкімінің резиденциясына жиналған оншақты кісі ондық 
шамның білтесін көтеріп қойып, алакөлеңке бөлмеде 
алыстан келе жатқан қадірлі қонақты асыға күтіп 
отырдық. 
Сағат тілі екіге таянғанда есік алдына гүрілдеп келіп 
тоқтаған машинаның даусы естілді. Қараңғылық торлаған 
резиденцияның ішінде көзің жөнді көрмегенімен, 
құлағың әрбір тырс еткен дыбысты қалт жібермей, қағып 
ала қояды.
– Қалайсыңдар ей, жігіттер?! Амансыңдар ма? Е-е, 
дұрыс, дұрыс... Міне, біз де жеттік. Шықаң біраз шаршаған 
сияқты. Қане, қалай қарай жүреміз? Жаңа жолда келе 
жатқанда естідік, жиырма бірінші ғасырда жарықсыз 
қалғандарың ұят болған екен, – деген Мұқаңның даусын 
жазбай танимыз. 
Қараңғы дәлізде қолымызды созып, жапатармағай 
амандасқан болып жатырмыз.
– Менің көзім түк көріп келе жатқан жоқ, жігіттер. 
Сондықтан да, бір-біріміздің қолымызды байқамай 
қалсақ, ренжімейік, – деп Мұқаң әзілдеп күліп қояды.
Аздан соң, ақ дастарқанның басына жайғастық. Үстел 
үстіндегі балауыз шамдардың жарығымен енді ғана 
қонақтардың бет-жүзін анықтап көре бастадық.


8
Шыңғыс Айтматов
– Жол ұзақ болды. Анын үстіне самолет Мәскеуден 
кечигип ұшты. Ташкенге түнделетип жеттик. Анан бері 
де бірқанша жол. Абдан шаршадық, – деп, Шыңғыс 
аға қазақ пен қырғызға ортақ бір қызық мақаммен сөз 
бастады. 
Тап осы бір тұста ойға да, сөзге де шапшаң шымкенттік 
жігіттердің бірі:
– Шыңғыс аға, бізде шаршағанды басатын дәрілердің 
түр-түрі бар, соның қайсысынан құйып жіберейік? – деп 
іліп әкетті де, дастарқан үстіндегі түрлі-түрлі шараптарды 
нұсқап қойды.
– Ай, жігіттер-ай, мен өзім бұ дарыға анша жоқ едім. 
Жас болса, келди. Бірақ, сендер мында түр-түрін тізіп 
қойыпсыңдар да, – деп Шықаң дастарқан үстіндегі 
бір-бірімен таласып, иық тірестіріп тұрған түрлі-түрлі 
шараптарға көз салды. – Ооба, неше түрлі француз, испан 
гүлдері тізіліп тұрыпты. Шоң рахмат. Осы, қайбір жылы 
мұнда келгенімде, қазақ даласының бір гүлін көріп едім. 
Қазір сол көзіме түспей тұрғаны...
– Оппо, – деді енді шымкенттік жігіт әлденеге 
өкінгендей екі алақанын бір-біріне сарт еткізіп соғып. – 
Айтып ем ғой жаңа, өзіміздің шараптарды да шығарайық 
деп!..
Сөйтті де, ол шапшаң иіліп, шкафтың ішінен бүгінгі 
дастарқанның санатына кірмей, елеусіз қалған «Бибігүл» 
шарабын іліп ала қойды.
– Міне, аға, біздің гүл!
– А-а, – деді Шықаң жымиып. – Осы шарап жақсы. 
Табиғи дәмі бар. Бірақ, қазір ыстық-ыстық шай ішейік. 
Содан жақсысы жоқ.
Біраздан соң дастарқан басындағы әңгіме бүгінгі өте 
қат боп тұрған электр жарығына қарай ауысты.


9
Балалық шақ
– Мына, солтүстік Еуропа жақта желдің қуатын көп 
пайдаланатынға ұқсайды, – деді Шықаң ойланып. – Енді, 
сондай станцияларды бұ жақта да орнатып, электр қуатын 
тұтынуға болмас па екен.
– Иә, Шықа, бұл мәселені біз де біраздан бері зерттеп, 
ойластырып жатырмыз. Жақында Финляндияға барып, 
әлгі станциялардың біразын көріп те қайттық. Іс қып, 
ден сау болса, о да боп қалар. Біздің жақта не көп, жел 
көп қой. Арыстанды Қарабастың, Шақпақтың, Созақтың 
желі деп жатамыз. Міне, солардың қай-қайсысының да 
қуатын пайдалануға болады, – деді шымкенттік жігіттер 
ол кісінің сөзін қызу қолдап. 
– Әлбатта, – деп Шықаң оларға риза болды. – Абдан 
жақсы. Енді соны қолға алсаңдар құба-құп болады 
да. Ал мына жазушы, журналист жігіттер оған бір ат 
тауып қоятын шығар, а? Қалай деуге болады... орыстар 
болса, оларды ветряная электростанция, ветрогенератор, 
ветроэнергия деп жатады. Ал біз ше? Осыны ойлап көру 
керек екен да... Бәлкім, оны желқуат дегеніміз дұрыс бола 
ма?..
Бұл сөздің мағынасы дәл әрі ақылға қонымды сияқты 
көрінгендіктен, біз бірден бас шұлғып, қоштай кетіп едік, 
Мұқаң: 
– Ойланып көру керек екен, – деді салмақты түрде.
Біз іштей: «Шыңғыс аға бүгін Люксембургтен ұшып 
шықты. Еуропада әрине, жарық болмауы мүмкін емес. 
Тап қазір самаладай жарқырап-ақ тұрған шығар. Біз 
білетін Мәскеу де жарықсыз отырмайды. Ташкентте 
де шам атаулы көзін қысып, жымыңдайды. Тек біздің 
Шымкентте, өкінішке қарай, қараңғы», – деп ойлаймыз 
еріксіз. 
«Бірақ, – дейді іштегі тағы бір ой оған қарсылық 
білдіріп, – баяғыда осы Шықаң да таудың бір түкпірінде 


10
Шыңғыс Айтматов
май шам жағып отыратын Шекер ауылынан алыс сапарға 
аттанбап па еді. Міне енді, ол қырғыз даласына ғана емес, 
бүкіл әлемге жарық жұлдыздай сәуле шашып жүр!» 
Уақыт шіркіннің мұндайда шектен тыс зымырайтыны 
бар емес пе. Әне-міне дегенше, таң да атуға таяп қалды. 
Ортамыздағы шоң қонағымыздың алыс жолдан шаршап 
жеткенін ескеріп: «Ал енді көбейелік. Шықаң мен Мұқаң 
демалсын,» деп жігіттер қозғала бастады.
Жастайымыздан журналистік қызметтің қызығын да, 
қиындығын да бір кісідей көріп өскен жандардың бірі 
емеспіз бе, сондықтан да болар, мұндай ұлы жазушымен 
өмірде бір-ақ рет кездесуіміз мүмкін екендігін және 
осындай ерекше күннің де бұдан кейін қайталануы 
неғайбыл боларын ішкі түйсікпен сезіп-ақ тұрмыз. 
Шіркін-ай, бір-екі ауыз тілдесіп, сұрақ қойып үлгірер ме 
едік дейміз.
Осы сәтте менің есіме бала күнімізде өзіміз талай рет 
қызыға, құмарта оқыған «Шынарым менің, шырайлым 
менің» повесіндегі: «Журналист атым болған соң 
Тянь-Шаньға жиі-жиі барып тұратын едім. Бұдан 
жыл жарым бұрын мені редакцияға суыт шақырып 
қалды. Тянь-Шаньның облыс орталығы Нарында 
жүргем. Автостанцияға жетіп келсем, менің алдымда 
ғана автобустың кетіп қалмасы бар ма. Келесі рейсті 
табандатқан бес сағат бойы күту керек. Жолшыбай бір 
машинаға мініп кетуге қам жеуден басқа лаж қалмады,» 
деген алғашқы жолдар оралды.
Иә, Шықаң бізді түсінуге тиісті. Басқа басқа, ол кісінің 
өзі де жас кезінде «Правда» газетінің Қырғызстандағы 
меншікті тілшісі болып қызмет атқарды емес пе. Ендеше, 
біздікі не тұрыс?!
– Шыңғыс аға, – дедім кенет батылданып. – Мүмкін 
болса, өзіңізбен бір-екі ауыз сұхбаттасып қалсақ деп едік. 


11
Балалық шақ
Журналистер үшін жиырма минут уақытыңызды қимас 
па екенсіз.
– Ооба, – деді ол кісі ойланып. Маңдайындағы әжім 
сызықтары тереңдей түскендей болды. – Бұндай да кеп 
бар. Бопты... Бірақ, мені көп қинамаңдар. Уақыт кеш боп 
кетті.
– Әрине, – дедім мен қуанып. Сөйттім де, көкейімдегі 
алғашқы сұрақты ірікпей, төтесінен қойып та үлгердім.
– 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет