"назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы оқушылардың ОҚу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің Əдіснамасы


Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық негізі



Pdf көрінісі
бет8/29
Дата26.06.2023
өлшемі0,81 Mb.
#103440
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
Байланысты:
metodologiya-sko kaz

3.
Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық негізі
«
Критериалды бағалау» терминін ең алғаш 1963 жылы оқыту мен оқу 
теориясына маңызды үлес қосқан американың педагог-психологі Роберт 
Глейзер 
қолданды. 
Глейзердің 
пікірінше, 
жетістіктерді 
өлшеу 
тұжырымдамасы негізінде білімнің толық болмауынан идеалды нәтижеге 
дейінгі үздіксіз білім алу үдерісінің түсінігі жатыр. 
 
Глейзер критериалды бағалауды типтік мінез-құлық модельдерінің 
жинағын анықтауға ықпал ететін және оқушылардың оқу жетістіктерінің 
деңгейлеріне қол жеткізу мен әлеуеті арасындағы сәйкестік үдерісі ретінде 
сипаттайды. Бұл оқушылар әрекеті алдын ала анықталған критерийлердің 
бекітілген жинағы арқылы бағаланатынын білдіреді. Аталған жағдайда 
қолданылған «критерий» термині қорытынды іс-әрекеттерге аса қатысты 
емес. Бағалау критерийі оқушылардың нәтижелері туралы ақпараттар алу 
қажет болған жағдайда оқудың барлық кезеңінде белгіленуі мүмкін. Глейзер 
критериалды стандартқа қатысты бағалау оқушының қолынан келетіні не 
келмейтіні, яғни, басқа оқушылардың жетістігіне тәуелділікті және 
салыстыруды есепке алмағанда, әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы 
нақты ақпараттар береді деп атап көрсетеді.
Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі оқыту, оқу 
мен бағалаудың өзара тығыз байланыстылығына және оқу үдерісін 
ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдемесін қамтамасыз етуге негізделген 
[Boyle, Cherles, 2010]. 
Бұл теориялық негіздемені және бағалаудың барлық 
элементтері арасындағы өзара байланысты орнатуды болжайды (оқу 
мақсаттары, бағалаудың түрлері, құралдары мен нәтижелері). 2-суретте 
критериалды бағалау жүйесі әдістемесінің құрылымы берілген.
Әдістеменің негізгі идеялары критериалды бағалау жүйесінің төмендегі 
сияқты сипаттамаларына қол жеткізуге мүмкіндік береді: 

оқу мен бағалаудың бірлігіне негізделеді;

оқудағы ілгерілеуді қамтамасыз етудің толыққанды тәсілдемесін
қалыптастыруға және оқушылардың оқу үлгерімін қадағалауға бағытталады; 

оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарын жүзеге асыруды және
білім алудың дәлелдерін жинаумен дағдыларды дамытуды қамтамасыз етеді; 
14 



әр сынып үшін пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұны негізінде
бағалаудың формасы мен тәсілдерінің әр түрлілігінен тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет