Көрікті көктем (ертеңгілік)
Залға балалар сазды әуенмен жұптасып кіреді. Қолда-
рында бәйшешек гүлдер болады.
Жүргізуші: Жер көгеріп,
Қар, су еріп
Сай-салаға ағады.
Бүршік жарып,
Жапырақ жайып
Дала гүлге толады…
Бөбектерім, айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Көктемде.
Иә, дұрыс айтасыңдар. Біздің кең де, байтақ даламызға
көктем келді. Көктемде не болатынын жаңа оқылған өлеңнен
сендер білдіңдер. Бүгін бізде мереке. Ол «Көрікті көктем» ме-
рекесі. Балалар, осы мерекеге сендер ән-шашу тарту еткелі
отырсыңдар. Көктем мезгілі ең әсем, ең әдемі кезең. Өйткені,
қыстан кейін қоршаған ортамызға көрік кіреді. Алыстап кеткен
құстарымыз келіп, өздерінің әсем дауыстарымен даламызға сай-
райды.
Сондай-ақ біз білетін қандай мерекелер бар осы
көктемде?
Балалар:
Бекнұр: 8 наурыз – аналар мейрамы.
Әсел: 22 наурыз мейрамы бар.
78
Жүргізуші: Иә, дұрыс айтасыңдар. Осындай үлкен атау-
лы мерекелер көктемде болады екен. Енді кезекті ән-шашуға
берелік. Балалар, біз бүгінгі мерекемізді тоғайға барып қарсы
алсақ қайтеді?
Балалар қуанып келіседі.
Жүргізуші:Музыканың әуенімен құстары сайраған,
шөптері көгерген тоғайға алып келеді.
Жүргізуші:Мінеки, қараңдаршы, біз тоғайға келдік.
Кәне, бәріміз мына ағаш түбірлеріне отыра қалайық. Кенет
жаңбыр жауып, күн күркірейді.
Жүргізуші: Балаларды қолшатырға шақырады.
Жаңбыр басылып, музыкамен «Көктем» кіреді.
Көктем: Билеп, жүзінде күлкі, балалармен сәлемдеседі.
– Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Балалар: – Сәлеметсіз бе!
Жүргізуші:Қош келдің, көктем! Төрлет, балалардың
өнерін тамашала.
Көктем: Рахмет. Мен сендерге келе жатқанымда жаң-
быр жауды. Сендер білесіңдер ме?
Жүргізу: Әрине, көктем. Бұл көктемде болатын таби-
ғат құбылыстарын біздің балалар жақсы біледі.
Би: «Гүлдер», қыздардың орындауында.
Тақпақтар.
Диас: Салдыр-гүлдір көк жүзі,
Зеңбірек доп атқандай.
Бұлт айырылып жалт етті,
Аспанда от жаққандай.
Түнерген бұлт сұрланып,
Құйды селді себелеп.
Жел қосылып, долданып,
Болды нөсер керемет.
Әлия: Жау, жау, жаңбыр, жау жаңбыр!
Жау, егіннің көгі өссін!
Сұлудай бұлақ құрақты,
Айдын шалқар көлі өссін!
Ой мен қырдың шалғыны,
79
Жатқан малды жасырсын!
Табиғаттың көркіне,
Таң қалып жан бас ұрсын!
Достарыңызбен бөлісу: |