347
салыстыруға келеді, сонымен қоса олардан табысты түрде ашық
алғашқы кодтарымен таралуымен ерекшеленеді, осының өзі оны
кез келген ерекше білім беретін жобаларда, жаңа қызметтермен
толықтырып пайдалануға мүмкіндік береді.
Moodle-дің басқа мүмкіндіктерінде атап көрсету керек:
- білім алмасудағы оқу тапсырмаларын бірігіп шешу үдерісіндегі
білім алуды белсенді формада ұйымдастыруға мүмкіндік
беретін зертханалық білім беру технологиясына бағдарлау;
- коммуникацияға арналған зор мүмкіндіктер: əртүрлі формат-
тағы файлдармен алмасу, тарату, форум, чат, білім алушылардың
жұмыстарына сын пікір жасау мүмкіндігі, ішкі пошта жəне т.б.
- əртүрлі бағалау жүйесін қолдану мүмкіндіктері (балдық, ауыз-
ша);
- білім алушылардың жұмыстары туралы толық ақпарат алу
мүмкіндігі (белсенділігі, оқу жұмыстарының мазмұны мен
уақыты, портфолио);
- жалпы қайта программалаусыз құрастырылған стандартқа
сəйкес өзгертулерді енгізу мүмкіндіктері;
- білім деңгейі əртүрлі, физикалық мүмкіндіктері əртүрлі
(мүгедектерді қоса), əртүрлі мəдениеттегі адамдармен жұмыс
істеуге арналған ынғайлы программалық интерфейс;
- мoodle жүйесінде курстардың форматының 3 түрі бар: формум,
құрылым (күнтүзбеге байланыссыз оқыту модулі), күнтүзбе
(күнтүзбеге сəйкесінше оқыту модулі). Курста кез келген
қорлар санымен (веб-беттер, кітаптар, файлдарға сілтеме, като-
логтар) жəне кез келген курстың интербелсенді элементтерінің
саны болуы мүмкін.
Бұл элементтерге жататындар:
- Wiki, дəл браузер терезесінде карапайым тілді белгілеу арқылы,
бірден бірнеше адамдарға документ жасауға мүмкіндік береді,
яғни осының көмегімен білім алушылар бірігіп жұмыс істей
алады жəне документ мазмұнын өзгертуге, кеңейтуге, қосуға
мүмкіндіктері бар.
Достарыңызбен бөлісу: