62
ІВМ желісіндегі деректер маршруты көрсетілген. Осылайша, Tokin
Ring желісі сақина секілді дерлік, бірақ жұлдызша сияқты
безендірілген.
Жергілікті желіде ақпарт жеткізу жылдамдығы 5-тен 100 Мбит/
с-қа дейін жетеді.
Жергілікті есептеу желілері бірыңғай жəне ирархиялық болып
бөлінеді.
Бірыңғай желі – барлық компьютерлері тең құқылы жəне
бірдей қызмет орындайтын жергілікті желі. Олар желіге аз ғана – 10-
15-тен көп емес компьютерлер санын біріктіру үшін қолданылады.
Бірыңғай желілерде сервер дегеніміз – ресурстары осы сəтте басқа
компьютерден де алына беретін компьютер, сервер бір мезгілде кли-
ент де бола алады, яғни өзі ресустар беретін компьютердің ресур-
старын пайдаланады. Жергілікті ресурстың ортаққа айналдыруы
компьютерді пайдаланушымен, ОЖ құралдармен жасалады. Қажет
болған жағдайда ол өзін пайдалануға арналған парольді де белгі-
лейді. Бірыңғай желілердегі ОЖ-лер ортақ ақпараттық ресурстардың
оқылуын жəне редакциялануын, «бөтен компьютерден» програм-
маларды қосуға мүмкіндік беретін тікелей басқарудың құралын
қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: