136
Гиперсілтемелер мен навигацияларды ұйымдастыруға арналған
талаптар бар. Гиперсілтемелерде қайда бағытталғандығы жөнінде
ақпарат қамтылуы жəне нақты белгіленуі тиіс. Гиперсілтеменің
тізбесінде келесі қадамды көрсететін нақты логикалық келісім
сақталуы қажет. Əрбір тарауда (тақырыпта), параграфта жəне
қосымша параграфта сілтеменің нұсқауы болуы тиіс, оның көмегімен
тақырыптың (беттің), кіріспенің басына келуге болады, параграфқа
немесе қосымша параграфқа, бөлімге немесе бөлімшеге көшуге бо-
лады. Сілтемелер гипермəтінді жасаушылардың ойымен сəйкесінше
қойылады жəне сөздер арасындағы байланыс құрылымына жауап
береді. Сілтемені бұлай орналастыру тəуелсіз, ешқандай бірыңғай
нұсқаусыз қойылады. Соған қарамастан, сілтемелер тізімін туыстас
ақпараттық мақалаларға безендірудің 2-кестеде сипатталған үш
негізгі нұсқасын ерекшелеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: