Әлеуметтік
дағдыларды үйрету: позитивті өзара әрекеттестік
Әлеуметтік
дағдыларды үйрету
–
оқушылардың
басқалармен қолайлы
қарым
-
қатынас орнатуына
және қолдауына
көмектесетін стратегиялар жиынтығы. Ол оқыту және
оқу моделінің мазмұндық (мәнмәтіндік) және мотивациялық компоненттерімен
байланысты.
Әлеуметтік
құзыретті адамдар өзінің әлеуметтік ортасын басқара алады, әлеуметтік
жағдайларды түсінеді және соларға орай тиімді әрекет етуге қабілетті
.
1-
кесте
. Әлеуметтік құзыретті адамдарға
тән сипаттар
Сипаты
Сипаттамасы
Әлеуметтік
сезімталдық
әлеуметтік
оқиғаның мән
-
маңызын айқын түсіну, яғни әлеуметтік
белгілерге түсініктеме беру
Рөлді
қабылдау
адамдарды «тани білу», олардың әлемді қалай қабылдайтынын түсіну
Әлеуметтік
түсінік
әлеуметтік
жағдайды дәл тани білу және әлеуметтік өзара әрекеттестік
жағдайында қалай болатынын түсіну
Әлеуметтік
тұрғыдан
ұғыну
«достық» және «өзара қарым
-
қатынас» сияқты әлеуметтік институттар
мен процестерді түсіну
Психологиялық
тұрғыдан түсіну
басқа адамдардың тұлғалық ерекшеліктері мен мотивацияларын түсіне
білу
Моральдық тұрғыдан
пайымдау
әлеуметтік
жағдайларды моральдық нормалар мен этикалық принциптер
тұрғысынан бағалау
Әлеуметтік
қарым
-
қатынас
басқа адамдардың мінез
-
құлқына қалай тиімді араласуды және ықпал
етуді түсіну; бұл дағды өзін
-
өзі бақылауды қамтиды
Қарым
-
қатынас
басқа адамдарға өзінің ойлары мен сезімдерін айқын жеткізе білу
Проблемаларды
әлеуметтік тұрғыдан
шешу
қақтығыстарды
шеше
білу және мақсатқа жету үшін басқалардың мінез
-
құлқына қалай әсер етуге болатынын түсіну
Әлеуметтік
дағдыларды үйретудің мақсаты оқушылар әртүрлі әлеуметтік
жағдайларға сәйкес әрекет ету моделін таңдай алатындай мінез
-
құлық шеңберін
қалыптастыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |