күрес”, қарсы адамдардың мақсаттары қарсыласты тоқтату, зиян келтіру
немесе көзін жоюға жететін ретінде сипаттады. Ол әлеуметтік жанжал
қоғамдық жүйенің тұтастығын бұзады, бірақ қоршаған ортаға қатысты
әлеуметтік құрылымды аса икемді қылады деп көрсетті. Ол әлеуметтік
жанжалды деструктивтік фактор ретінде емес, әлеуметтік дамудың, керек
десеңіз, топаралық жанжал процесіндегі топтың әлеуметтік шоғырлану
импульсі ретінде дәлелдейді.
Функционализм көзқарасында қала отырып, Козер өзінің еңбектерінде
қоғамдағы жеке адамдардың ынтымақтастығына баса назар аударды.
Бұған мүлдем қарама-қарсы көзқарасты неміс әлеуметтанушысы
Р.Дарендорф ұстанды. Ол үшін қақтығыс – қақтығыс әлеуметтануының орталық
санаты болып табылады. Адамзат қоғамы, оның пікірінше, жанжалдасқан екі
жақтың (таптар) арасындағы өзара әрекеттестік жүйесі ретінде дамиды.
Жанжалдар шарасыз және қажетті. Олардың болмауы - “таңқаларлық және
жат” құбылыс . Ол таптық антогонизм туралы марксшілдік білімді дұрыс деп
мойындады, бірақ бұл антогонизм ХІХ ғасырда Батыс Еуропаға тән болған
деп санады. Ал ХХ ғасырдың постиндустриалды қоғам жағдайында
плюрализм және демократия принципі бекітілген кезде әлеуметтік
жанжалдың “арнаулы” механизмдері жасалады. Ол жанжалды реттеудің
жеңіл нысандары. Жанжалды “шешу”, яғни оны толығымен жою. Ал бұны
істеуге болмайды, олар барлық иерархиялық жүйенің салдары ретінде
барлық жерде өмір сүреді. Алайда бұл оларды реттеуге болмайды дегенді
білдірмейді. Бұл үшін кем дегенде үш жағдай болу керек: біріншіден,
құндылықтық ұстанымның бар болуы, өзгешелікті мойындау және
жанжалдасқандардың қарсы тұруы; екіншіден, тараптардың ұйымдасу
деңгейі ұйымдасу дәрежесінен қаншалықты жоғары болса, келісім-
шарттардың орындалуы және келісімге жету оңай болады; үшіншіден,
белгілі бір ереженің өзара тиімділігі, оларды орындау жанжалға қатысушы
тараптар арасындағы қатынастарды сақтауға немесе ұстап тұруға мүмкіндік
береді.
Қақтығыстардың қызметінің позитивтілігі тек белгілі жағдайда ғана, яғни
қақтығыстың өткірлігімен, топ арасындағы мінездемелік қатынастар,
қақтығыс пайда болатын әлеуметтік құрылымдағы қатыгездікпен іске асады.
Маркс, Зиммель, Дарендорф, Козердің еңбектері негізінде бүгінгі таңда
қақтығыстар әлеуметтануы пайда болды. Қақтығыс теоретиктерінің
жетістіктері «Қақтығыстар теориясы ерекше ойдың мектебі ретінде
жоғалуына әкелді. Оның түпнұсқалық аргументациясы барлық жерде
қабылданған: барлық әлеуметтанулық теориялар әлеуметтік өмірдегі
қақтығыстың кең таралуы туралы жеткізуге міндетті». Қақтығыстың заңды
әлеуметтік жүйе ретінде теориялық танылуы қақтығыстарды басқарудағы
шешімдерді қабылдауға ауысуына мүмкіндік берді.
Достарыңызбен бөлісу: