Садырова М. С


Социологиядағы страта ұғымы



Pdf көрінісі
бет37/72
Дата16.07.2023
өлшемі1,08 Mb.
#104416
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72
Байланысты:
annotation15100 (1)

 Социологиядағы страта ұғымы 
Страта дегеніміз социологияға геология ғылымынан енген термин 
екен. Осы ғылымда страта жердің қыртысы, қабаты деген мағынаны
береді. Социологтар бұл ұғым арқылы қоғамдағы топтарды белгілейді. 
Батыс социологтарында бұл ұғым кең орын алған. Кейбір социологтар
қоғамның өзі тек қана страталардан тұрады деп, бұл ұғымның мазмұнын
өте кеңейтіп жібереді. Қоғамда тек қана страталар бар, ал олар әртүрлі
нақтылы аттармен белгіленуі мұмкін. Бірақ та, социологтардың біразы
страта деп белгілі бір сан жағынан шағын, тіпті кіші топтарды да айта
береді. Американдық социологияда страта деп кез-келген адам топтарын
түсінушілік те бар. Бірқатар жағдайда страталар өте көп болып кетуі мүмкін.
Страталардың өзіндік белгілері, бірінен бірін ажырататын көрсеткіштері
бар. Әлеуметтанудағы әлеуметтік стратификацияның негізгі тұжырым-дама-
ларын қарастырып көрелік. Энтони Гидденс “стратификация әр түрлі 
топтардың, адамдардың арасындағы құрылымдалған теңсіздік ретінде 
анықталуы мүмкін” деп есептейді. Американдық әлеуметтану сөздігінде 
мынадай анықтама берілген: “Адамдар теңсіздіктің қандай да бір өлшемімен 
иерархиялық ұйымдастырылған қатарға тізілгенде әлеуметтік жіктелу 
әлеуметтік стратификацияға айналады”. Болгар социологы Чавдар Кюранов 
“Әлеуметтік стратификация тұтас қоғамдық құрылымдағы көлденең топтар 
жүйесін білдіреді” деп санайды. Нейл Смелзер “стратификация теңсіздіктің 
бір ұрпақтан бір ұрпаққа берілуіне көмектесетін тәсілдермен байланысты; 
бұл ретте қоғамның әр түрлі топтары пайда болады” деген ұйғарым жасайды. 
Бірақ та страта тап бола алмайды, олардың тапты құрайтын
белгілері жетіспейді. Социология тарихында қоғамның әлеуметтік
құрылымы мәселесі ең басты, өзекті мәселенің бірі болып келеді. Бұл 
мәселенің мағынасы өте терең, жан-жақты. Нақты әлеуметтік құрылым 
қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Әсіресе осы өзгеруде
мықты ықпал жасайтын құбылыс экономикалық құрылым, оның
өзгеруі. Бірақ та қоғамның әлеуметтік құрылымына әсер ететін басқа да
құбылыстар аз емес. Мысалы, саяси дамулар, процестер, өзгерістер. Оның 
ішінде мемлекеттің типтері, режимдері, биліктің түрлері әлеуметтік 
құрылымға өте мықты ықпал жасайды. Әлеуметтік құрылымға әсер 


ететін құбылыстың бірі – рухани өзгерістер, идеология, қоғамдық сана.
Әлеуметтік құрылымның жылдам өзгеріп отыратын элементтерінің бірі 
- әлеуметтік институттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет