мерей және билік. Билік деп адамның (немесе адамдар тобының)
жоспарларды іске асыру, іс-қимыл жасау немесе белгілі бір саясатты, тіпті
басқа адамдар мен топтар тарапынан болған келіспеушілікке қарамастан,
жүргізу қабілетін айтады.
Стратификацияның үш тобы да бір қоғамның ішінде, бір адам
материалында болады, әр түрлі конфигурацияларда, бір қоғамнан бір қоғамға
және бір тарихи кезеңнен басқа бір тарихи кезеңге көшіп жүре береді.
Капитализмдегі таптарды, топтарды М.Вебер мынадай ретпен
белгілейді:
1.
Меншік иелері (тап);
2.
Интеллектуалдар, менеджерлер, әкімшілік қызметтегі адамдар тобы
(тап);
3.
Ұсақ буржуазиялық тап, ұсақ бизнесмендер, т. б.;
4.
Жұмысшы табы.
М. Вебер осындай қорытындыны XIX ғасыр аяғы және XX ғасыр
басындағы европалық капитализмнің шындығына байланысты жасаған.
Сонымен, тап дегеніміз М. Вебердің анықтамасы бойынша, нарықтық
экономикаға байланысты адамдардың өлкен топтары. Олардың негізгі
белгілері: тапқа кіретін адамдардың белгілі бір мөлшерде материалдық
ресурстарға ие болуы; олардың белгілі өмір жағдайы; олардың айрықша
өмір жолы. М. Вебер статустық топтарға аса өлкен көңіл бөлген. Бірақ та
оларда таптық та, статустық та белгілері бар. Статустық тап деп, М. Вебер
бюрократияны атаған. Нарықтық экономикаға, не болмаса товар, ақша,
капитал деген категорияларға тікелей қатынасы жоқ топтарды ол
статустық топтарға жатқызған. Чиновниктер қоғамының байлығына иелік
етіп, өндірісті бақылауға алады, ал бірақ та олар меншіктің иелері
бола алмайды. Сондықтан олар әлеуметтік тап емес. Қоғамда статустық
топтардың саны өте көп болуы мөмкін, ал таптардың саны аз келеді.
Әлеуметтік статус мәселесін қарастырғанда оның негізгі белгілері -
әлеуметтік сыйлау, мәртебе, бедел, партиялық сыйпат, саяси бағыт
кеңірек талдауды талап етеді. Әлеуметтік статустық топтардың өзіндік
өмірі, тұрмысы қоғамда алатын орны, мақсаты, тіпті діні, саяси
бағыттары бар.
Достарыңызбен бөлісу: