салтын ұйымдастырғанның өзінде кедейліктің шегінде қалып отырған
отбасыларында орын алады. Екінші кезектегі кедейлік қорларын тиімсіз
пайдалануына байланысты негізгі өмірлік қажеттерін өтей алмайтын
отбасыларын сипаттайды. Россия ғалымдары кедейліктің екі түрін ұсынады
“тұрақты” және “жүзудегі”. Е. Бреев пен Н. Римашевскаяның айтуынша
кедейліктің тұрақты түрі кедейлікті қайта жаңғыртады. Адамның
материалдық қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігі денсаулықтың
төмендеуіне, мамандану деңгейінің біртіндеп төмендеуіне, мамандандық
деңгейінің жетіспеуіне, ең соңында адамдық қалыптан аыырылуыны алып
келеді. Кедей ата-ананың балалары да потенциалды кедейлер, яғни
болашақта кедейлер табын толықтырады. Кедейлердің аз бөлігі ғана өзінің
ортасын тастап, жаңа жағдайға бейімделіге күш-жігерін жұмсайды, жаңа
бұрынғыға қарағанда сапалы өмір салтына ие болады. Л. А. Гордон
әлеуметтік және экономкалық кедейлікті бөліп көрсетеді. Біріншісі әлсіз,
екіншісі күшті жұмыскерлерге қатысты қолданылады. Әлсіздердің кедейлігі
бұл жұмыс істеуге қабілетсіз және жұмыс істеу қабілеті төмен, ауыру,
физикалық және психологиялық тұрақсызадамдардың, сонымен қатар
шамадан тыс салмақты көтеруге мәжбүр жұмыскерлердің кедейлігі.
Күштілердің кедейлігі төтенше жағдайларда, яғни жұмыс істеуге қабілетті,
қалыпты өмір сүру стандартына сәйкес өмір сүруге қажетті табыс табуға
қабілетті адамдардың өзінің еңбегімен қазаігі өмірге сәкес өмір сүруге
жеткілікті табыс таба алмайындай болуының нәтижесінде қалыптасатын
кедейлік. Күштілердің кедейлігін экономкалық кедейлік ретінде көрсетуге
болады.
Кедейшіліктің түрлерін төмендегідей бөлуге болады:
жеке әлеуметтік-экономикалық топтар немесе аймақтармен
байланысты кедейшілік;
жеке сәтсіздік жағдайлардан туындаған, жұмыссыздық, ауру
түріндегі дербес кедейшілік.
Өндірістік қатынас жағынан біршама дамыған мемлекеттерде арнайы
әлеуметтік-экономикалық топтарды қауымдастыратын тұрғын халықтың
кедей топтары өмір сүреді, олардың кедейшілік деңгейі ең төменгі
күнкөріс шамасымен анықталады. Кейбір дербес адамдар жекебасты
жағдайларының нәтежиесінде (мүгедектік, ауру себептері, ішімдік
салдарынан) кедей болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: