1)
Батыс ғалымдары әлеуметтік мобильділік туралы
Кез-келген әлеуметтік процесті зерттеуде түсініктерді анықтау және
оны қолданудың маңызы зор. Әлеуметтік мобильділік түсінігін зерттеуде
қолданылатын түсініктер әлі де болса жүйелеуді, олардың мазмұнын
тексеруді қажет етеді. «Мобильдідік» түсінігінің этимологиясы келесі
түсініктерде бейнеленген: «қозғалыс», «алға жылжу», «орын ауыстыру».
Әлеуметтiк мобильдiлiк социологиялық категория ретiнде индивидтiң
әлеуметтiк құрылымдағы өзгерiсiн бейнелейдi. «Әлеуметтiк мобильдiлiк»
түсiнiгiнде стратификациялық құрылым туралы сөз болады, ал әлеуметтiк
мобильдiлiк ретiнде адамның, әлеуметтiк топтың бiр қабаттан екiншi қабатқа
орын ауыстыруы, әлеуметтiк баспалдақ бойынша жоғары не төмен жылжуы
есептеледi. Әлеуметтік мобильділік социологияда функционалдық тұрғыдан
қарастырылады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтік мобильділік бір
функционалдық топтан екінші функционалдық топқа өтуді білдіреді. Яғни,
әлеуметтiк мобильдiлiк дегенiмiз адамның не әлеуметтiк топтың қоғамның
әлеуметтiк құрылымындағы әлеуметтiк жағдайының өзгеруiне байланысты
жөзеге асатын көрделi әлеуметтiк процесс. Бұл категорияның мазмұнына
орын
ауыстырулардың
жеделдiгi,
көлемi,
бағыттары,
тәсiлдерi,
тенденциялары, әлеуметтiк құрылымның қоғамның экономикалық, саяси,
әлеуметтiк-мәдени және т. б. өзгерiстермен байланыстылығы мәселелерi
кiредi.
Әлеуметтік мобильділік түсінігін талдаудың методологиялық негізі П.
Сорокиннің әлеуметтік мобильділік теориясы және социологиядағы
әлеуметтік-құрылымдық бағыт болып есептеледі.
П. Сорокин социологияда алғаш рет әлеуметтік мобильділік түсінігінің
анықтамасын және оны зертттеу принциптерін негіздеді. Қогамның
әлеуметтік ішкі құрылымын зерттеу ісінде ол әлеуметтік мобильділіктің өте
маңызды екендігін айтады. Бұл проблемаға байланысты П. Сорокиннің
«Әлеуметтік мобильділік» деген еңбек жазған. Ол әлеуметтік мобильділікті
әлеуметтік объектінің бір тұғырдан екінші тұғырға өтуі, орын ауыстыруы
тұрғысынан зерттейді.
Әлеуметтік объект ретінде индивид, топ, яғни, адам
қызметінің барлық өнімдері көрінеді. Бұндай түсінік индивидтердің орын
ауыстыруын кең көлемде төсінілетін мобильділіктің жеке оқиғасы ретінде
есептеуге себеп болады. Дегенмен П. Сорокинге сүйенсек, әртүрлі
әлеуметтік объектілердің мобильділігін иерархияландыруға, оларды шкалада
маңыздылық деңгейіне қарай орналастыруға мөмкіндік беретін белгілер жоқ.
«Социология жүйесі» атты еңбегінде ол орын ауыстыру процесін
әлеуметтік қайта топтастыру деп атайды. Әлеуметтік қайта топтастыру
дегенде күрделі әлеуметтік агрегаттардың құрылымының өзгеруін ескереміз.
Ол мына процестерден көрінеді:
1.
Элементарлық және кумулятивтік топтардың біреуінен екіншісіне
осы топтардың көлемінің өзгеруімен бірге жүретін орын
ауыстыруы;
2.
Бір әлеуметтік агрегеттағы элементарлық не кумулятивтік
топтардың біреуінің жойылуы не пайда болуы;
3.
Элементарлық не кумулятивтік сипаттағы топтардың толық
жойылуы және оның жаңа гетерогендік топпен ауыстырылуы.
П. Сорокин «мобильділік» түсінігінің көмегімен қоғамның әлеуметтік
құрылымының өзгеру процесін толық қамтуға тырысады. Әлеуметтік
мобильділіктің жалпы принциптерін табу үшін ол әртөрлі қоғамдардағы
және бір қоғамның әртүрлі тарихи кезеңіндегі әлеуметтік мобильділігіне
салыстырмалы талдау жөргізеді. Өзінің тұжырымдарын дәлелдеу өшін ол
жан-жақты статистикалық материалды, тарихи мысалдарды келтіреді. П.
Сорокин қоғамда әлеуметтік мобильділіктің екі түрі бар екендігін айтады.
Бірі - тік мобильділік, екіншісі – көлденең мобильділік. Бірі төменнен
жоғары қарай жылжу, екіншісі жоғарыдан төмен қарай түсу, кейде құлдырау.
Мобильділіктің екінші түрін П. Сорокин жазықтықта жүзеге асатын
мобильділік дейді. Орын ауыстырудың түрлеріне қарай ол әлеуметтік
мобильділікті өрлеу не құлдырау бағытындағы әлеуметтік мобильділік деп
те бөледі.
Әлеуметтік мобильділік түсінігін теориялық талдаудың Батыс
социологиясында бірнеше бағыттарын бөліп көрсетуге болады:
1.
Әлеуметтік мобильділікті құрылымдық-функционалдық талдау. П.
Сорокиннің, Т. Парсонстың, И. Хербердің, Б. Барбердің, М. Болтьенің және
т. б. социологтардың еңбектерінде орын алған. Бұл бағыттың өкілдерінде
әлеуметтік мобильділікті талдауда стратификациялық әдісті пайдалану көп
орын алады. Алға жылжуды әлеуметтік мобильділіктің бір түрі ретінде
көрсететін теориялық функционалдық талдау Ф. Фюрстенбергтің, Х.
Босетскийдің, Г. Циммерманның, Э. Грохлының еңбектерінде жалғасын
тапқан.
2.
Әлеуметтік мобильділіктің эгалитардық теориялары С. Липсеттің,
Р. Бендикстің және т. б. ғалымдардың еңбектерінде сипатталған. Олар
қоғамның индустриалдық дамуының әлеуметтік мобильділік процесіне
әсерін көрсетеді. Әлеуметтік мобильділіктің әлеуметтік-эволюциялық
теориялары Р. Хаузердің, Ж. Голдторптың еңбектерінде орын алған.
Батыс социологтары әлеуметтiк мобильдiлiктi тар мағанада- индивидтердiң
бiр әлеуметтiк қабаттан екiншi әлеуметтiк қабатқа өтуi бағытында
қарастырады.
Б. Барбер «Мобильдiлiк дегенiмiз жоғары және төмен топтардың
жоғары, не төмен орын ауыстырулары, не салыстырмалы түрде анықталған
әлеуметтiк рөлдерден басқа рөлдерге қарай жылжу»,- деп есептейдi.
К.Больте де мобильдiлiкке осы бағыттағы анықтама берді: «Мобильдiлiк
- бiр топтан екiншi топқа, не бiр топтың iшiндегi жылжу». Американдық
социологияда әлеуметтiк мобильдiлiк қоғамның әлеуметтiк құрылымын
зерттеумен тығыз байланыста қарастырылады. Еңбектегi технологиялық
қайта құрулардың барысына қарай сақталып отыратын не өзгеретін
әлеуметтiк құрылымның элементтерiне қарай индивидтердiң орын ауыстыру
процесi қоғамдағы әлеуметтiк қабаттардың дамуының бiрден-бiр тәсiлi
ретiнде қарастырылады.
Т. Парсонс әлеуметтік мобильділікті бір функционалдық топтан екінші
функционалдық топқа өту ретінде қарастыра отырып, құрылымдық ұйымның
4 деңгейін бөліп көрсетеді: алғашқы; менеджериалдық; институционалдық;
социеталдық. Әр деңгейдің шешуші ерекше белгісі – оның әлеуметтік ролі.
Әлеуметтік мобильділік тек жаңа деңгейге өтуге байланысты емес, сонымен
бірге әлеуметтік ролдің өзгеруіне алып келеді. “Стратификациялық жүйе»
өзінің тепе-теңдігін және тұрақтылығын сақтауы арқылы жүйе ішіндегі
әлеуметтік мобильділіктің қажетті алғы шарты болып табылады. Т. Парсонс
бұл жерде сонымен қатар жалпы құрылымдық принцип әрекет етеді, яғни әр
жастық топ екіге бөлінеді, олардың бір бөлігі жоғары деңгейге ұмтылады, ал
екіншісі бар деңгейіне қанағаттанатынын атап көрсетеді.
М. Вебер әлеуметтік мобильділіктің жеделдігі таптар арасындағы
шекараны орнатудың негізі болып есептеледі. Оның айтуынша таптар
осындай қауымдастықтар арасында әлеуметтік мобильділік төмен болған
жағдайда ғана қалыптасады.
С. Липсет пен Г. Зерттерберг әлеуметтік мобильділікті дене еңбегімен
айналысатын топтан ой еңбегімен айналысатын топқа қарай орын ауыстыру
ретінде сипаттайды. Олардың ойынша кең көлемді әлеуметтік мобильділік
қоғамның негізгі сипаттамасын көрсетеді. Индустриалдық қоғамның жаңа
сапалары әлеуметтік мобильділіктің деңгейін көтереді. С. Липсет әлеуметтік
мобильділікті адамның бойындағы өзгерістермен байланысты зерттейді. Ол
әлеуметтік иерархияның басқа деңгейіне көтерілген адам өзінің достарын
өзгертеді, жаңа ұйымдарға қосылады, тұрған жерін, саяси көзқарасын
өзгертеді. С.Липсет пен Г.Зерттербергтің әлеуметтік мобильділік туралы
концепциясының негізінде қоғамды интегралдық жөйе ретінде төсінетін
функционалдық парадигма жатыр. Кез келген қоғам өзінің өмір сөруін
сақтап қалуға ұмтылған жерде теңсіздік пайда болады, әртөрлі статустық
позициялар қалыптасады. С. Липсет пен Г. Зерттербергтің айтуларынша,
экономикалық өсуге, өзгерістерге ұмтылған қоғамды жабық қоғам ретінде
қарастыруға болмайды. Олар индустриалдық қоғамдағы әлеуметтік
құрылымның және әлеуметтік мобильділікке әсер ететін бірнеше
факторларды топтастырып көрсетеді:
1. Жұмыс орындарының санының өзгеруі. Бұл-экономиканың динамикалық
дамуының салдары. Кәсіпорындар саны өскен сайын қызмет көрсету саласы
да жетіле төседі, бұл жаңа мамандықтардың, жұмыс орындарының пайда
болуына алып келеді.
2. Туу деңгейінің өзгеруі. Индустриалдық қоғамға нуклеарлық отбасына
жылжу және бала санының азаюы тән.
3. Әртөрлі әлеуметтік топтардың әлеуметтік статустарының өзгеруі.
Индустриалдық қоғамда көрделі маманданған, экономикалық жағынан одан
әрі өсуді қамтамасыз ететін еңбектің төрінің беделі жоғары.
4. Атадан-балаға мұра болып қалатын статустық позициялардың санының
өзгеруі. Қазіргі индустриальдық қоғамның көбінде адамның әлеуметтік
құрылымның
әртүрлі
өлшемдеріндегі
әлеуметтік
позицияларының
жиынтығы ретінде көрінетін әлеуметтік статусы мұраға қалмайды, оған
бәсеке жағдайында қол жетеді.
5. Өмірлік мөмкіндіктердің теңдігін айқындайтын құқықтық және заңдық
негіздің өзгеруі. Қазігі индустриалдық мемлекет халықтың көпшілігінің
бақылауындағы құқықтық мемлекетке сөйенеді.
Индустриалдық қоғамның жаңа сапасы әлеуметтік мобильділіктің
деңгейін едәуір көтереді. С. Липсет пен Г. Зеттербергтің айтуынша көлемді
мобильділік индустриализация процесін сипаттайды және қазіргі
индустриалдық қоғамның негізін бейнелейді. Қазіргі кезде бұл ғалымдардың
теориялары едәуір сынға ұшырады.
Әлеуметтік мобильділіктің жалпы және ерекше бағыттарын Д. Миллер
зерттеген. Ол әлеуметтік мобильділіктің төрлерін мобильділіктің көлеміне
және жұмыстың төрлеріне қарай бөледі және Батыс Европада мобильділіктің
дамуының кезеңдерін ұсынады.
Д. Миллер көптеген елдердегі әлеуметтік мобильділіктің дамуына
салыстырмалы талдау жасай отырып мобильділікті әлеуметтік жөйенің
өзгеруі ретінде қарастырудан бас тартады. Біріншіден, әлеуметтік жөйенің
динимикасы мобильділікпен ғана шектелмейді, екіншіден, мобильділікті
зерттеу міндетті төрде өзгерістердің динамикасы арқылы ғана көрсетілмеуі
керек. Д. Миллер мынадай қорытынды жасайды: « Мобильділікті зертттеген
ғалымдардың бәрі әлеуметтік мобильділік ретінде қоғамның жалпы
өзгергіштігін емес, индивидтердің бір әлеуметтік топтан екіншісіне орын
ауыстыруы ретінде төсінген».
Батыс
социологтарында
орын
ауыстыру
процесі
қоғамның
экономикалық, саяси және әлеуметтік құрылымдарындағы өзгерістеріне өте
сезімтал деген пікір қалыптасқан. Қоғамдағы кез келген өзгеріс әлеуметтік
мобильділіктің жеделдігіне, көлеміне, бағытына әсер етеді. Батыс
социологтары мобильділіктің саяси мінезбен, кәсіби ролдерді орындаумен,
діншілдікпен, демографиялық мінезбен байланысты зерттеуге көп көңіл
бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |