Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)
– заңды
тұлға (филиал және өкілдік) және бірлескен
кәсіпкерлік түрінде қызметті іске асыратын
жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей
нөмір.
Трансферттік баға
– компаниялар тобының
дербес құрылымдық бірліктері арасында
немесе корпорация ішінде қолданылатын
ішкі фирмалық баға.
Дара кәсіпкер (ДК)
– Қазақстан Республикасы
азаматтарының, оралмандардың таза кіріс
алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерiнiң
меншiгiне негiзделген және жеке тұлғалар
атынан, олардың тәуекел етуімен және мүлiктiк
жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын дербес,
бастамашыл қызметi.
Активтер
– өндірістік және бейөндірістік
мақсаттағы жылжымайтын және жылжымалы
мүлік түріндегі меншік, сондай-ақ шаруашылық
мақсатта пайдаланылып жүрген жер, орман-
тоғай, пайдалы қазбалар қоры, ақшалай құны
бар, заңи және жеке тұлғалардың меншігі болып
табылатын нәрселердің бәрі.