Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет23/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
үйінің артындағы сайға апарып, жалбызбен көміп тастауға кетті. 
Рысқұл қол-аяғы байлаулы тұтқында жатыр.
Есебі есеп-ақ. Пристав пен мұжықты Рысқұлдың «ұрлығының» 
үстінен түсіреді. Пристав байлаулы тұтқынды Алматыға айдап 
жөнеледі. Қызыл Жебе жоғалды деп Тұқымбай ауылы дүрлігіп 
жатқанда мұжықтың атының дабырасымен Саймасай ауылы 
Қызыл Жебенің сезігінен сақтанбақ.
Есебі есеп-ақ. Тұқымбай бісмілла деп Саймасайдан 
сезіктенеді. Салып ұрып болысқа жетеді. Осылай да осылай, 
болысеке. Алдырған албырт – анасының қойнын ашады. Бұл 
сенің адамдарыңнан келген тажал, Рысқұл деген баукеспең бар. 
Оның қолынан бәрі келеді. Жүйрігімді соған алдырдың. Тауып 
бер, - дейді.
Болыс айтады:
– Есің дұрыс па, байғұс. Рысқұл түрмеде жатыр. Абақтыдағы 
адам қайдан сенің атыңды ұрлайды. О байғұс бұл күнде тышқан 
аулайтын болған. Бір орыстың көтерем лақсасын аламын деп 
азабын тартып жатыр, – дейді.
Тұқымбай:
– Апыр-ай, сонда қалай? Әнеукүнгі аста сонау Қарақолдың 
қыздары қатты сұқтанып еді. Солардан болды ма бұл сұмдық? Әй, 
сырттан ала алмайды-ау. Сыр білетін біреу бар, біреу бар, – деп 
қамшысын таянып жұдырығымен жер тоқпақтайды. Саймасай:
– Е, сыр білетін ауылыңда. Өзіңнен көр, – деп кергиді. 
Саймасай есебі есеп-ақ.
* * * 
Тау-Шілмембеттің үркердей ғана аз ауылына бұлтсыз күні күн 
күркіреп, найзағай шартылдап, жай түскендей болды да қалды. 
Бұрын да айлы түндегі арық қояндай қорқақтап, дуайпат өгей 
шешенің қолына қараған жетім баладай жаутаңдауық болған.
Сәлік-Сарының ендігі күні мүлде мүшкіл.
Еркек кіндік Ахат қарттың үйіне жиналған.
– Ау, ағайын, бізге қай құдайдың қарғысы тиді бұл? Не өз 
туған жерімізге сыймаймыз, не кісі еліне сыймаймыз. Не жаздық 
бұл қу құдайға? Ортамыздағы бір бүлікке бола бәріміз қырыламыз 


48
Қызыл жебе 
ба? Айтсаңдаршы, бір бәтуаға келейік те, – деп дегбірсіз Омар 
алалы көзі ақшиып, аптығын баса алмай екіленді.
– Өзің не айтасың? – Ахат жалбыраған қастан көзі көрінбей 
төмен қарап отыр.
– Мен айтсам – турасын айтам. Қашанғы тілімді шуда жіппен 
байлап қоям. Бәленің бәрі Рысқұлдан. Бізді бүлдірген Рысқұл 
деп ұлықтарға айтайық та, Дауылбайдан жаздық-жаңылдық деп 
кешірім сұрап, туған топыраққа қайтайық.
– Әй, шірік томар, о бастан-ақ осал едің. Оңбаған істің бәрі 
осалдан шығады, – деп Шыныбек шарт сынды.
– О, маңқа ит, мен осал болғанда, сен пысық болып не 
бітірдің? – деп Омар одыраңдады.
– Жә, болды! – деп жекіді Ахат. – Енді өзімізбен өзіміз 
ырылдасқанымыз жетпеп еді. Тек, түге. Одан да анау абақтыда 
жатқан арысымызды қалай құтқарамыз, соны айтыңдар. Соған 
жиналып отырған жоқпыз ба? Қорған, сен не дейсің?
– Мен Рысқұлдың жемтік жемейтінін білемін. Орыстың атын 
ол алған жоқ. Мұның түбі шикі, – деді самайына, мұртына ақ 
кіре бастаса да қызыл шырайлы сұлу жүзінен әлі де сол сонау 
сәбиліктің бейкүнә шырайы таймаған Қорған.
– Үсіп не айтады? – деді Ахат басын салбыратып омырауына 
салған қалпы.
Үсіптің аппақ құдай басы қалтаңдады. Қолының да дегбірі 
кетті. Ызғырық жел маза бермеген күзгі жапырақтай тынымсыз 
қалтырайды.
Біздің бас не көрмеген бас, қайда қурап қаларын бір құдай 
өзі біледі. Туған бауыр – арыстандай азаматымызды жалғыз 
тастап, елге қайтқанда не береке табамыз.
– Әне, бұл елге бір жөн айтсаң, жүндей түтіліп, жүдеп 
кетеді, – деп Омар тағы алқына бастады. – Үйірінен лаққан саяқ 
оңбайды. Туған елден кетіп тентірегелі міне, жиырма бес жыл 
болды. Талғарда туған балаларымыздың сақал-мұрты шықты. 
Құдай-ау, ата-бабамыздың жұртына жуи алмай, жынды көбелек 
құсап, бұл Саймасайдың ит арқасындай бір тілім жерінен жылжи 
алмай қашанғы қорлық көреміз? Көбіміздің төрімізден көріміз 
жуық. Жат жерде сүйегіміз шірісе, елдегі әруақ азаланбай ма? 


49


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет