64
Қызыл жебе
* * *
Камераға кірген бетте Рысқұл ышқырын сипалап көрді.
Қуанғаннан әлгібір қорлықтың бәрін лезде ұмытты.
Есікке
барып, құлағын тосып тың тыңдады. Қарауыл дәліздің арғы
басында жүрген сияқты. Сапсыз пышақты ышқырынан алып,
майыстырып көріп еді, суы қатты екен. Бұрышқа барып, тізерлеп
отыра қалып, пышақты іргеге қадап қалғанда, ыза қапқан дымқыл
қышқа қиналмай-ақ кіріп кетті.
«Е, құдай, е, әруақ! – деді Рысқұл аптығын баса алмай. –
Саймасайға сәлемдесер сәт оңынан болғай!».
Пышақтың ұшымен ілесе шыққан дымқыл топырақты уыстап
тұрып ойланып қалды. Енді не амал болмақ? Қазылған топырақты
қайда жасырмақ? Камераның ішіне үйіп қойып отыра алмайсың.
Бір түнде қазып шығып кету мүмкін бе?
Бұл тәуекелдің ісі,
тағдырына мойын ұсынғысы келмеген тәкаппардың неғайбыл
жұмысы бір түннен артпауға керек. Түн болатын себебі: күндіз
ірге қазып, көзге ілініп қалу қаупі зор. Келесі түнге қалса – тағы
қатер.
Рысқұл іргені сәл қопсытып, пышақты соған тықты да,
топырағын қайта таптап көміп тастады.
* * *
«Осыдан осы жолы тірі шығып, Саймасайға сәлемдессем,
Ақсу-Жабағылы асып кетер едім, – деп армандады тұтқын қамыс
марданның үстінде көсіліп жатып. –
Ақсу-Жабағылының бір
сайының табанында сүйегім қалса, екі дүниеге де ризамын».
Кенет шынтағына сүйеніп, орнынан түрегеле берді. Әлгі бір
аламан таңда өз аяғынан тамған қанның ізін көріп, осындай
ізді қайдан кездестірдім деп қинаған
сұрақтың жауабын енді
тапқандай болды.
Ол ертеде, елде, Түлкібаста Иірсуда бұлғаңдап жүрген бұла
кез болатын. Бір күні ол жылқы бағып жүріп, Ешкіқорған деген
жартастың жотасынан қанның ізін байқады. Бұл неғылған қан
деп, құмырсқаның жолындай шұбатылған ізге түсіп берген.
Қанның ізі бірде сызат, бірде қою. Бір мезгіл бір шоқ аршаның
астында теңкиіп жатқан арқарды байқады. Мерген жаралаған