74
Қызыл жебе
қауырсынның оң жағын ала қалшиып жалғыз тұрған қара тас –
Жандарм.
Былтыр мына Жаңғырықты жағалап бара жатқанда Дмитриев
Рысқұлдан:
– Анау жеке тұрған таудың аты не? – деп сұраған.
Осында неше шың бар – бәрінің атын айтып берген Рысқұл
қапелімде сасып қалды. Қалшиып тұрған саяқтың атын білмеуші
еді.
– Кім біледі, жандарм сияқты түсі
суық екен, – деген.
Сыпайы оқымысты мына досының тапқырлығына сүйсініп:
– Молодец, Рысқұл! Таптың, таптың! – деген. Дереу дәптеріне
жазып алған. Содан әлгі саяқтас «Жандарм» аталып кете барған.
– Әттең. Метрейден жауап жоқ, – деп өкінді қазір Рысқұл.
«Нендей бір қиындық көрсең хат жаз, көмектесем», – деп еді-ау.
Басыма бір бақыт құсы ілуде бір оралып келсе, қолыма қондыра
алмаған неткен адаммын. Әлгі кекілік сияқты бір жақсылық
заманда бір жақындаса өзім үркітіп алатын не бәлем бар?
Қашқын өзегі талып, өндіршегі үзілген соң,
төгіліп жатқан
жабайы алманы теріп жеді.
Әріректегі Солдатсайдың қырқасында жиылған маялар
жайылып жатқан түйелер сияқты. Болыстың қыруар малы
қыстай жеп шығатын сол пішенді ала жаздай жалданып, Тау-
Шілмембеттің еркек кіндігі жинаған.
Осыдан әлі жетіп, екі қыр асса, өз ауылының үстінен түседі.
Асықпай, әл сақтау керек. Күн жарықта бәрібір ауылды маңайлай
алмайды.
Әзірше бұта-бұтаны, жыра-жылғаны тасалап жүре
береді. Биіктен, аулақтан қарағанда ылдидағы дүние сарыала,
жасылала жамылып, сәнді көрінеді. Ешқандай қайғы-уайымы
жоқ, кір-қоқысы, жаман-жәутік үйлері жоқ, құдайдың рахымы,
шашыраған байы кедейін асыраған, қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған жерұйық осы екен дерсің.
Табанның астынан,
анау сайдың, сонау сайдың қабағынан
жайылып жатқан отар-отар қой, үйір-үйір жылқы көрінеді. Тас
қалап, қурай жағып, тасқорыққа сүт пісіріп отырған қойшының
ошағынан көгілдір шуда түтін көтеріледі. Қойшының тасқорыққа
пісіріп, қойдың қорғасындай сүтін ішерін ойлап, қашқынның аш