Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет38/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
күмән келтірме. Мен де бір адасқан жанмын. Кімдерге қиянатым 
да болды. Ал арам болған жоқпын. Соған сен. Баласың ғой, 
байғұсым. Өсерсің, ақыл кірер, сонда түсінерсің сорлы әкеңнің 
қан жұтып, қаһар кешкенін. Жеңешеңді ренжітпе. Түйметайға 
қарап жүр, қарағым. Ал үйге бар. Қуғын келіп қалар.
Баланы еңкейіп ұстап, қатып қалды.
– Көке, мені ала кет. Көке...
– Ей, Тұрар! Қой деймін. Сені қайтып келіп алып кетемін. 
Қайт үйге!
Шолақ Шабдар бұл жолы өрлеп тауға, таудың шатқалына 
қарай қыландап барып, қараңғыға сіңіп кетіп, жоқ болды.
* * *
Қуғын түн ортасы ауа, ауылдың ит біткенін шуылдата келді. 
Бір топ солдат ауылды жан-жағынан қоршап тұрды да, боржық 
сары старшын бастаған екі-үш адам тінтуді әуелі Рысқұлдың 
үйінен бастады.
Беймезгіл уақытта есікті тарсылдатқан Рысқұл шығар деп 
қалды Ізбайша. Тұрар қуғын екенін бірден сезді. Түйметай 
оянған жоқ. Ізбайша иығына бешпентін іле сала іш көйлекпен 
есікке жүгіріп барып.
– Бұл қайсың? – деді ақырын.
– Аш! – деп ар жақтан бөтен дауыс арс ете қалды.
– Үйде кісіміз жоқ, аша алмаймын, – деді әйел дауысы 
дірілдеп.
– Полиция, ұлықтың адамдары бұл. Аш тез! – деп боржық 
сары есікті тұтқасынан тартып-тартып қалып еді, ілдебай ілгек 
жұлынып кетті де, боржықтың өзі байқаусызда шалқалап құлап 
қала жаздады.
– Шырағдан жақ! – деп бұйырды боржық Таубай киініп те 
үлгірмеген әйелге.
Ізбайша түртінектеп жүріп, ши шақпақ тауып алып, шишасыз 
май шамның білтесін тұтатты. Үйдің ішіне күңгірттеу болымсыз 
жарық түсті. Ортасында жалғыз тіреуі бар жартылай жеркепенің 
қабырғаларына сорайған ұсқынсыз көлеңкелер сыймай төбеге 
шығып кетті.


78
Қызыл жебе 
– Байың қайда? – деді Таубай қамшымен өз етігінің қонышын 
сарт еткізіп, үйдің ішін көзімен тінтіп болған соң әйелге бұрылып.
– Қайда болушы еді, мырза. Абақтыда жатыр ғой.
– Былжырамай шыныңды айт. Абақтыдан қашып кетті. 
Әйтпесе неміз бар түн ішінде сандалып, сенің қойныңа келіп тұр 
дейсің бе бізді?
Келіншектің төмен жүзі лап етіп, басын көтеріп алғанда 
алақандай әдемі көздері жалт ете қалды.
– Өйтіп айтпаңыз, мырза. Бала-шаға бар үйде. Кісіміз келген 
жоқ үйге. Қашып кетсе қайда жүргенін біз білмейміз.
Таубай аузы қисық көне кебеженің ішіне үңілді. Кебеженің 
ішінен ашыған сүзбе исінен басқа ештеңе сезілмеді. Төрде 
сыры кеткен ескі әбдіре тұр. Күндіз үстіне екі-үш көрпе, бір-екі 
текемет жиылып, жүк көтеріп тұратын әбдіренің түнде арқасы 
босап қалады.
– Аш! – деді Таубай келіншекке әбдірені бүктеулі қамшымен 
нұсқап.
– Әй, мырза-ай, осы жаман сандықтың ішіне біздің кісі 
сыйып кетеді деп ойладыңыз ба? Ашайын. Көңіліңіз қалмасын.
Ізбайша ұзын бұрымының ұшына байланған қара кілтпен 
әбдірені ашты. Ескі де болса әбдіре құлпы екі-үш бұралады. 
Кілт бұралғанда құлыптағы тілшік шүріппе сыңғыр-сыңғыр етіп 
әуендетті.
Осы әуеніне бола Тұрар қолына кілт түскенде сандықтың, 
аузын қайта-қайта бұрай беруші еді. Бір қайырым ғана әуен. 
Сандықтың ішінде іске татыр ештеңе жоғына кешірім өтінгендей 
аяулы мұң. Бұл баяғы батыр баба Әлімбектен қалған жұрнақ. 
Самарқанның саудагер сартына екі қой беріп сатып алған сонау 
Қоқан заманында. Көне шеберлер кілт бұралар құлпына екі 
тілшік салып, бұлбұл құстың бір қайырым үнін түсірген. Әу баста 
ол үн көңілді де шығар, ал келе-келе, қажала-қажала құлыптың 
көмейінен енді жалынышты, мұңды әуен шығатын болған.
Сандықтың ішінде Ізбайшаның төркінінен келген біркиер сары 
шәйі көйлек, жасыл тыс барқыт камзолы, шашақты шәлісінен 
басқа көзге түсер ештеңе жоқ сияқты. Шуда жіппен белінен бір 
байлаған, сарғайып кеткен қағаздар бар екен. Сөйтсе, ол сонау 


79


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет