Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет45/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
Түні бойы бие сауып, саба пісіп шығатын жылқышы жігіттің 
Тұқымбай тоқалымен әмпей-жәмпайы барын бүкіл жұрт жыр 
қылып айтып жүреді. Бұған бір жиында қарқылдап тұрып 
Саймасайдың өзі де күлген. «Бұқаның өзі қартайса да мұрны 
қартаймайды» дегенмен, уақыттан күшті құдірет жоқ. Уақыт 
зауалына әлемді қалтыратқан жиһангерлер де, патшалар да, 
перғауындар да төтеп бере алмаған. Күшті болса, ұлы пайғамбар 
қайда кетті? Ескендір Зұлқарнайын неге өлген?
Тұмса байталдың бал қымызы мен қара қойдың жілік майына 
бапталған, мансап пен байлыққа мастанған болыс мұны ойлап 
жатқан жоқ. Ол өзін мәңгі өлмейтіндей сезінетін. «Жалаң жібек 
байлаған арулар кімнен қалмаған», – деп жыраулар айтқан 
нақылдан махрұм болып, ертеңгі күнін болжап бас қатырмаған. 
Еркектің пірі Зәкәрия да ертеңгі күні қанша жалбарынса да 
қайырылып қарамай кететінін бүгін білмей, кеудесін есірік жел 
екілендірген шақ қазір.
* * *
Рысқұл Тұрармен қоштасып шыққан түні дамылсыз жүріп 
отырып, Тау-Түрген жақты бетке алып, Тау-Шелектен асатын 
жолдың Орта Қараш тұсындағы тар қылғанға таң ата бір-ақ 
тоқтады.
... Нардай шөгіп жатқан иір мойын қырқаның ойпаңында бір 
мая шөп бар екен, соны барып паналады. Шолақ Шабдардың 
ауыздығын алып, шылбырын белдігіне байлап, маяны үңгіп-
үңгіп ұя жасап, өзі соған кіріп, бұйығып жатып ұйықтамақ 
болды. Әбден қалжырап еді. «Болыс ертелетіп жүрмейді, – деп 
қойды. Сәскеде шықса бұл тұсқа түс ауа жетер, көз шырымын 
алып алайын».
Ол шошып оянды. «Қара басып, қатты ұйықтап қалдың ба?» 
– деп пішенді шынтағымен аршып, тысқа атып шықты. Күн 
бұлыңғыр, қай мезгіл екенін аңғара алмай, бірауық аңырып 
қалған. Шел басқан ақ көздейін күн қиялап, Бас Қараштың 
тұсында тұр. «Үлкен сәске болған екен, – деп қойды. – Болыс 
жолға шыққан да шығар».


92
Қызыл жебе 
Шолақ Шабдардың бүйірі тоқ. Кермек исі аңқыған көк 
пішеннен жерігендей, көзін жұмып, кекжиіп тұр. Қатқыл тезек 
тастапты. «Шөлдеген екен», – деді Рысқұл.
Шолақты бір қолына жетектеп, бір қолына мылтығын ұстап, 
Рысқұл қырқаны қиялап төмендегі суға беттеді. Тұяқ астында 
қураған тобылғы сытырлап, қияқ тастар қышырлайды. Түксиген 
төңірек – айнала тау, әр жерден «шиқ-шиқ» деп ұшқан зымыран 
шымшықтан басқа тіршілік жоқтай. Тек төменде сарқырап аққан 
тау суының сарыны ғана қуатқа дәт. Суды бойлап, жыландай 
ирелеңдеп, сүрлеу жол жатыр. Рысқұлдың бар үміті осы жолда. 
Аңдыған адамын оған осы жол әкеледі.
Шолақ Шабдар мұзарттан құлап жатқан құрыш судан сілесі 
қатқанша сіміріп болған соң, Рысқұл оның ауыздығын салып, 
үстіне мінді. Су жағалап, бір бұлымды айналып өтіп, тұйықтау 
тас қорымға тартты. Ондай жерде кекілік жайылатынын 
біледі. Кешегі кекіліктен кегін енді алмаққа бекініп, мылтығын 
бытырамен оқтап, оңтайланып келеді. Ежелгі аңшының сергек 
сезімі оны алдаған жоқ, тұйықтың тұсына жете бергенде бір ұя 
кекілік «пыр» етіп бәрі бірден жер бауырлай көтерілген кезде, 
Рысқұл әлгі топқа мылтығын көздемей-ақ сілтеп жіберген. 
Мамығы қобырап, жып жылы, жұп-жұмсақ болып жатқан екі 
кекілікті қу шиенің түбінен тауып алып, қоржынға сала салды 
да, қайталап маяға тартты.
Шолақты маяның тасасына, бір түп тобылғыға байлап
ауыздығын алып пішенге қойған соң, Рысқұл шөп-шалам, қурай 
жинап, от тұтатып, кекіліктің біреуін қақтады. Осы жұмыспен 
жүріп, ұдайы екі көзі төменде, ирелеңдеген жол бойында болды. 
Жарау атты жолаушылар мұның тұсынан бір сәтте сап ете қалуы 
мүмкін.
Кекіліктің жас етін жеп, жан шақырып, қарны тояттаған соң, 
көңіл де көтеріңкі тартты. Маяның жол жақ іргесін үңгіп жіберіп, 
қылау қардың арасынан төменге көз тігіп, шөпке арқасын сүйеп, 
жүресінен отыр.
Оңашада оны толқын-толқын ойлар қамалады. «Құдай 
бұйыртса, бұл арқарды да атып алармын, – қолындағы қорғасын 
оқты салмақтап, берданканың патронына дәрі салып отырып. 


93


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет