Қызыл жебе
зарықтырмайды. Ар жақтан қарауыл келіп, қақпаның құлыбын
салдыр-гүлдір ашып, аяқ-басы алба-жұлба адамды көріп:
– Не керек саған, аулақ жүр! – деп ақырды.
Оның ақырғанынан әлгі адам айылын жиған жоқ, қайта қасына
келіп, қаһарлы үнмен:
– Мені нашандигіңе алып бар! – деді.
– Начальник сен сияқтылардың ермегі емес, аулақ. Арыз
айтып келуші қаңғырған киргиз аз емес, бар айда! – деді қарауыл
қақпаны жаба бермекші болып.
– Ей, ақымақ, мен кісі өлтірген адаммын. Тез нашандікке
алып бар! – деді әлгі бұйрық түрінде.
Қарауыл қалбақтап қалды. Дереу мылтығын кезеніп:
– Алдыма түс! – деді.
Рысқұл осылайша абақтыға екіншілей енді. Ол бағана Иванға
Кузьма көршісінің айтқанының бәрін есітіп еді. Аз ойласа да,
ары ойлап, бері ойлап, ақыры тапқан шешімі осы болды.
* * *
Шолақ Шабдар өз үйінің есігінің алдына келіп тұрғанын
көргеннен кейін, пристав адамдарын дереу аттың ізіне салған.
Аттың иесі аман-есен бір жерде жасырынып жатқаны белгілі
болды. Тізгін, шылбыр ерге байлаулы. Демек, бұл ат иесін
оқыстан тастап келген жоқ. Әдейі босатылған.
Қашқынның қайда жатқанын ауылдастары білмейтіні рас
екеніне көзі жеткендей болған пристав алтыбақанда асулы
тұрғандарды босатуға бұйрық берді.
Анарбай мен Таубай бастап, болыстың адамдары да
ауылдарына қайтты. Тұрарды ала кетті. Мақаш баланы алдына
өңгеріп жатқанда пристав тағы да қатаң ескертті:
– Ақымақтық жасамандар. Балаға бастарыңмен жауап
бересіңдер. Оны өлтіру – торғайды өлтіруден де оңай. Мәселе –
әкесін қолға түсіруде. Көрдіңдер ме, ол ұзаған жоқ. Алысқа ұзап
кетпейді де.
Топалаң тиген ауыл есеңгіреп:
– Құдай-ау, құтқарғаның рас па, жоқ па? Иә құдай, иә аруақ!
Ақсарыбас! – деп бірін бірі құшақтап, талықсып жатқан Молдабек,
116
Қызыл жебе
Шыныбек, Қорғанды көтеріп үйлеріне кіргізіп, ауыздарына су
тамызды.
Дәу Омар:
– Айттым ғой, айттым. Мен байғұстың сөзін сөз дедіңдер ме?
– деп селкілдеді.
Болысты жер қайысқан жұрт жиылып жерледі. Солдат
сайының бойындағы бір қыраттың басындағы зиратта жас
топырақ жамылып, жерошақтай ғана жерді алып, Саймасай
жатты. Тірлікте атағы Алатаумен тайталасқан, ақ дегені алғыс,
қара дегені қарғыс болған, өзін жарым патшадан кем санамаған,
азуын айға білеген алпауыт құлаған соң мүрдесі мүсәпір
сияқты көрінді. Басына әлі күмбез көтерілер, алтындаған ай
таңбасы қойылар, босағасына аят та жазылар. Жылы өткен
соң ат шаптырылып, ас та берілер. Бірақ тірісінде дүниені жон
арқасынан алшаңдап басып жүрген азулы арыстан қазір топырағы
опырылып, іргелері үңірейіп қалған молалардың жанына келіп
қоныстанды. Астында піл сүйегінен өрнек өргізген құс мамықты
төсек жоқ. Құс мамық былай тұрсын, сүйекті орап алып барған
қалы кілемнің өзін Алматыдан арнайы шақыртылған бас имам,
дене мүрдеге түсірілерде сыпырып алдырып тастады. Онымен
де қоймай мүрденің ернеуінен өзі бақылап тұрып сүйекшілерге
бұйрық айтып, ақымның ішіне енгенде марқұмның жамбасы
топыраққа тиіп жатсын, – деді. Мұсылман зиратына діні басқа
адам жолатпайтын салтты бұзып, Саймасайдың мәңгілік
жайының басына орыс ояздың өзі келді. Болысты мүрдеге
түсірерде ояз қол көтеріп, басынан қаракөл папахасын алды.
Ояздың істегенін істеп, управительдер де құндыз бөріктерін
шешіп, тақияшаң тұрды. Ояз сөз сөйлегенде, тырс еткен жан
болған жоқ.
– Мырзалар, халайық! Біз бүгін ұлы императордың, ұлы
мәртебелі патшаның адал қызметшісі, Верный уезінің ең
тандаулы... – э-э-э.. управителі, э-э-э управительдерінің бірі
Үшкемпіров Саймасайды ақырғы сапарға аттандырып тұрмыз.
Марқұм өмірінің ақырына дейін ұлы империяға, ұлы мәртебелі
патшаға адал қызмет етті. Оны ешуақытта да ұмытпақ емеспіз.
Марқұмның топырағы торқа болсын. Оның патшаға адалдығы
117
Достарыңызбен бөлісу: |