Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет59/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

***
Тау басынан бейсеубет біреу қарап тұрса, болыс ауылына жау 
шапқан екен дер еді.


119
Қызыл жебе
«Ой, бауырымайлап» ат қойған лек-лек топтар ел шетіне жете 
беріп, аттарынан аунап түсіп, марқұмның ордасына қарай асықты. 
Еңкілдеп шын жылап жүргендері де бар, көздеріне түкірік жағып 
алып, ойбайлап жүргендер де бар.
Болыстың орыстар салып берген еңселі, көк шатырлы үйіне 
шымалдай құжынаған халық сыймайтын болған соң қыс та 
болса, жағалай киіз үйлер тігілген. Ортасына от жағылған, жан-
жағына кілем тұтылған, еденіне қабат-қабат текемет, оның үстіне 
қабат-қабат көрпелер төселген үлкен үйге болыстар жиналды. 
Қақ төрге ояз отырды.
Ояз орта жастағы, кең маңдайы жалтыр баспен шекарасыз 
жалғасып кеткен, кішкене орақ мұрны, шоқша сақалы бар шегір 
көз кісі еді. Шағын бойлы, иығы қушиыңқы кісінің еңсесін 
биіктетіп алтындаған шашақты эполеттері жарқырайды. Сары 
түймелердің әрқайсысында айбынды сес ұялап жатқандай.
Қазаға жиналған қырық бір болыстың бәрінің назары оязда. 
Одан бұрын сөз бастауға ешкімнің батылы бармас. Он екі 
қабат ордалы үйдің ішінде болыс емес Тұқымбай мен Анарбай 
бар. Анарбай өлген болыстың інісі ретінде қатысып отыр да, 
Тұқымбай мен болыстан дәрежем кем емес деп кеудеге салып 
келіп отыр. Ал шындығында екеуінің де ояздың көзіне түсіп қалу 
әрекеттерінде зәлім есеп бар.
Анарбай қатты қайғырған, мына өлім өзегін өртеп кеткен 
сияқты көрінгісі келеді. Бірақ зымиян көзге оның үһілегенінен 
күйіктің жалыны емес, басқа леп сезіледі. Бұл өлім ойламаған 
жерден Анарбайға екі олжаны бірден үйіп-төгіп бере салғалы 
тұр. «Енді кім болыс болады?» – деген осы отырғандардың 
бәрінің көмейінен атқылаған сұраққа: «Саймасайдың туған інісі 
Анарбай бар», – деген жауап және көп көкейде ұялап, ұшқалы 
тұр.
Екіншіден, Саймасайдың әлі жаулығы алынбаған, беті 
ашылмаған, шымылдыққа енбей жатып, қара жамылған жесірі 
Нүкетай сұлудың бірден-бір әмеңгері – Анарбай.
Осы екі жай көз алдынан көлбеңдеп, жүрсе-тұрса кетпей 
қойып, әлі топырағы суымаған ағасының бейнесін көлегейлей 
береді. Кейбір сәтте осыншама жұрт болыстың өліміне емес


120
Қызыл жебе 
Анарбайдың тойына жиылғандай сайқал сезім бойын билеп, 
ойын тұмандатып, Анарбай әрекідік көңілденіп кеткенін де 
байқамай қалады.
Тұқымбайдың тұрқы басқа. Өткен сайлауда Саймасаймен 
алысқан. Сайлаудан кейін де жасырын болсын, ашық болсын 
талай сайысқан. Ақыр соңы Қызыл Жебенің дауына барып соққан. 
Қызыл Жебенің жоғалуы оған әлі жұмбақ. Мына жайсаңдар 
мен қасқалар қазір бәрі қабырғасы күйрегендай қайғырып 
отыр. Бірақ, бұлардың арасынан Саймасайдың қастары да, 
Тұқымбайдың достары да табылады. Ояздың осал жерін дөп 
басатын достарынан дәмелі. «Тірімізде жүз шайысқанмен, 
өлімнің жөні бір басқа», – деп бетпақтықпен, ар алдында өзін 
таза тұтып, қазір Тұқаң тұғырлы отыр.
Азалы жиында осындай көзге көрінбес әзәзілдер арбасуы бар 
еді-ау...
Үлкен үйге самаурын соңынан самаурын сүңгіп жатты. Далада 
қазылған жерошақтардан жас еттің буы бұрқырап, исі мұрынды 
қытықтады. Өлі әруаққа бәрінен қорлығы оның Бибісара 
бәйбішеден туған жалғызы Қалдыбектің қайғысыз қалпы еді. 
Ауыс неме «әкем өлді-ау» деген қаперінде жоқ. Екі санын 
шапаттап, жерошақтардың арасында арсалаңдап жүр. Ауылдың 
балаларына айқайлап:
– Иә, сендер не білесіңдер? Қызыл Жебені әкеліп қамап 
қойды. Әне, анау үйде. Өй, Қызыл Жебені білмейсіңдер ме? 
Менің Жәкемді атқан Рысқұлдың баласы ше? Соның аты Қызыл 
Жебе. Жоқ, бәйгеге шабатын ат емес. Кәдімгі бала. Бәйгеге 
шабатын Қызыл Жебе құсатып бұл баланы да сояды. Иә, көресің. 
Осыдан айтпады ма? Әне, Мақаш қарауылдап жүр ғой. Қасына 
жолатпайды, – деп сампылдады.
Киіз үйдегілер дәлдірлеу айтылған бұл сөздерді түгел естіді. 
Тұқымбай бес биенің сабасындай іркілдек тұлғасын кенет тік 
көтеріп, есік жаққа бүкіл денесімен төңкеріле бұрылып:
– Ой, мына бәтшағар не шатып тұр? Шақыршы бері! – деп 
баж ете қалды.


121


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет