Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет64/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
момын» деп өзімізді алдаймыз. Бұларға әскери сот жүргізуді 
қоспаймыз. Айтпақшы, әлгі Рысқұл...»
Фон Таубе қоңырауды қолына тағы да алды. Жіптіктей 
адъютант қоңырау қағылар-қағылмас сарт ете қалды.
– Осташкин мырзаны шақырыңыз.
– Құп болады!
Вице-губернатор атан түйедей нән кісі еді. Қазына тіккен 
мундир шақ келмей, киімді ұдайы жеке ұстаға арнайы заказбен 
тіккізетін. Қазандай басы қасқа маңдай, маңғаз. Бірақ мұрны 
кертіктеу, ал иегі тым шығыңқы. Сақал-мұрт қоймайды. Оның 
есесіне күрең қасы қою. Қабағы жардай. Осынша тұлға-түр бола 
тұра, фон Таубені көргенде маңғаздығы айдалада адасып қалып, 
ебедейсіз қалбалақтай береді. Өз ісіне мейлінше берілген, үй-
жайын, қатын-баласын мемлекет ісі дегенде ұмытып та кететін 
пәруана адам. Фон Таубенің алдында қасқыр көрген түйедей 
қалшылдап қалады.
– «Рысқұл ісі» не болып жатыр? – деді фон Таубе өз 
орынбасарына.
– Әзірше істі Кіші Алматы сотына тапсырғанбыз.
– Мына генерал-губернатордың жауабымен танысыңыз. 
Әскери сотқа рұқсат жоқ. Істі округтік сотқа тапсырыңыз. Режимі 
қандай?
– Жеке камера – қатаң режим, жоғары мәртебелім.
– Приходькоға ескертіп қойыңыз, бір рет Рысқұлдың 
түрмеден қашып кеткенін ұмытпасын. Баласы да сол камерада 
ма?
– Иә, Жоғары мәртебелім.
– Округтік сотқа ескертіңіз, іске қатаң қарасын. Бүкіл 
управительдер біздің әрекетімізді бағып отырғанын ұмытпаңыз. 
Болыстардың наразылығына қалмайық.
– Құп болады, Жоғары мәртебелім.
VI
– Оян, Тұрар! – деді әкесі, екі тізесін бауырына жиып, 
екі қолын тізесіне қысып, бүрісіп ұйықтап жатқан баласына. 
Бұрынғыша «Тұраш» демекші еді, бірақ қайталап:
– Оян, Тұрар! – деді.


130
Қызыл жебе 
«Еркелетудің жөні жоқ. Енді еркелік сенен кетті, байғұс бала. 
Енді сенен балалық та көшті. Бұдан былай өз күніңді өзің көріп, 
өлместің қамын ойлауың керек. Еркелетудің жөні жоқ».
Бұрын баласын аймалап жүргендей-ақ, Рысқұл тап бүгін 
осылай ойлады. Онға толар-толмас балдырған шешесіз аяқтанып, 
шерлі жетім болды да, әкесін Алатаудай арқа тұтушы еді. Әкесінің 
мейірімі түсіп еміренген кездері аз болатын. Маңдайынан сипауы 
сирек. Бірақ адамда айтылмай сезілетін махаббат болар, ұдайы 
ат үстінде түн қатып, түсі қашып жүретін әкесінің өзіне деген 
сүйіспендігін бала іштей сезер еді. Тұла бойындағы тұлдыры, 
маңдайындағы сөнбеген жұлдызы Тұрар бола тұра, Рысқұл өзін-
өзі тежеп, дәл қазір мейір төгуден бойын жиды.
– Тұр! – деді қатал үнмен.
Түрменің түні жаз да болса салқын. Баланың жамылғысы 
жоқ. Шолақ бешпет басына тартса аяғына, аяғына тартса басына 
жетпейді. Іргеде темір төсек нар бар. Бірақ оған жата алмайсың. 
Жатайын десең, яки отыра берсең ортасындағы екі тақтай тайып 
кетіп, құлап түсесің. Тақтайлар төсектің темір жақтауларына 
ұшпа-ұш ілінген. Нық тұруға бір-екі елі жетпейді. Бұл түрмеде 
тақтайдың тапшылығынан емес, әрине. Ойнақтап тұрсын деп 
әдейі ойлап табылған амал.
Рысқұл енді сол екі тақтайды тас еденге төсеп, үстіне Тұрарды 
жатқызды. Өзіне тақтай да жетпейді... Ескі түйе жүн шекпен әрі 
жамылғы, әрі төсеніш.
Далада жаз шығып, дүние жадырағалы қашан?! Бірақ тас 
абақтының іші бір жылымас. Баланың басы сияр-симас жалғыз 
терезеден өмірі күн көзі көрінген емес. Оның өзін білектей бел 
темірмен айқұш-ұйқыш торлап тастаған.
Рас, күндіз аспанның қиығы төрт бөлініп көрінеді. Онда 
да түрегеп тұрып, есік жақтан қарасаң ғана. Ал, отырғанда 
көрінбейді. Терезеге қол жетпейді. Абақты бөлмеден гөрі 
зынданға көбірек ұқсайды. Шыңырау зынданның аузы аспанға 
қарап тұрады той. Тас камераның терезесі де үйдің қабырғасынан 
гөрі төбесіне жақын.
Абақты – арт айланбас тар. «Өлгенде жататын көр де сәл 
кендеу, – деп қояды Рысқұл. – Көрде, бәлкім, бұдан гөрі жылырақ 


131


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет