2023 -2024 оқу жылында Қазақстан республикасының


Цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту



Pdf көрінісі
бет12/84
Дата03.08.2023
өлшемі1,91 Mb.
#105017
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   84
Байланысты:
27-06-2023-каз

Цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту
 
Қазіргі цифрлық әлемде ақпаратты іздеу, өңдеу және сақтау, байланыс 
және ынтымақтастық, цифрлық мазмұнды құру, киберқауіпсіздік және сенімді 
әрекет ету, мәселелерді шешу, нәтижелерді талдау және ұсыну сияқты дағдылар 
қажет.
Цифрлық дағдылар цифрлық құрылғылар мен онлайн
-
сервиске қол 
жеткізу және пайдалану үшін электрондық құрылғылар мен қосымшаларды 
пайдаланудағы функционалдық сауаттылықпен байланысты. 
Қазіргі білім алушылардың цифрлық дағдыларын табысты қалыптастыру 
үшін білім беру процесінің барлық қатысушыларының: педагогтердің, ата
-
аналардың, білім алушылардың өзара іс
-
қимылы қажет.
Цифрлық сауаттылық пен дағдыларды қалыптастырудың маңызды 
шарттарының бірі цифрлық ресурстарды, цифрлық платформаларды, цифрлық 
оқулықтарды, цифрлық контентті пайдалану болып табылады.
Білім беру ұйымдары цифрлық платформалар арқылы білім алушылардың 
цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз етуі қажет.
Цифрлық білім беру мектептегі дәстүрлі білім беруді алмастырмайды

толықтырады.
Білім алушыларда цифрлық дағдыларды қалыптастыру кезінде мынадай 
ерекшеліктерді ескеру қажет:

информатика пәнін оқу кезінде цифрлық дағдылардың негіздері 
қаланады;

цифрлық дағдыларды қалыптастыру барлық пәндерді оқу барысында
үнемі жүреді, ал белгілі дағдыларды қалыптастыру кезінде кейбір пәндердің
рөлі 
артуы мүмкін;

мұғалімдер цифрлық дағдылардың деңгейін үнемі арттыруға ұмтылуы 
керек.
Инклюзивті білім беру
 
ортасын құру
 
Инклюзивті
білім беру ортасы барлық балалардың табысты әлеуметтенуі 


17 
мен жұмысқа орналасуы мақсатында олардың білім беру қажеттіліктерін 
барынша қанағаттандыру үшін оңтайлы жағдайлар жасауды көздейді.
Білім беру ұйымында инклюзивті білім беру ортасын құрудың негізгі 
шарттары:

инклюзивті білім беру саласында нормативтік
-
құқықтық актілерді жүзеге 
асыру;

ғимараттың сәулет
-
кеңістік тұрғысынан қолжетімді (кедергісіз) 
ұйымдастырылуы (оқу кеңістігін бейімдеу);

білім алушылардың білім беру қажеттіліктеріне сәйкес келетін 
материалдық
-
техникалық және оқу
-
әдістемелік жабдықтау (оқытудың арнайы 
құралдары);

білім беру процесін дараландыру: бейімделген оқу жоспарлары мен оқу 
бағдарламалары; білім беру
-
тәрбиелеу әдістемелерінің, формаларының және 
құралдарының вариативтілігі және икемділігі;

педагогтердің инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге 
тұлғалық және кәсіби дайындығы (инклюзивті білім беру идеясын құндылықтар 
ретінде қабылдау, үздіксіз білім алу және өзін
-
өзі дамыту);

«отбасы
-
мектеп
-
қоғам» жүйесінде инклюзивті білім беру процесі 
қатысушыларының өзара байланысы шектерінің кеңеюі.
Білім беру ұйымдарына инклюзивті мәдениетті қалыптастыруға назар 
аудару ұсынылады, мұның негізінде жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктері бар 
білім алушылардың алуан түрлілігін, сондай
-
ақ тұтастай алғанда инклюзия 
философиясын қабылдау түсініледі.
Педагог инклюзивті практикада мектептің психологиялық
-
педагогикалық 
қолдау қызметі мамандарын (психолог, логопед, әлеуметтік педагог, арнайы 
педагог және т.б.) тарта отырып және ата
-
аналарды инклюзивті білім беру 
процесіне қоса отырып, білім алушыларды қолдаудың әртүрлі технологиялары 
мен стратегияларын қолдануы қажет.
Мектепте инклюзивті практиканы іске асыру білім беру процесінің барлық 
қатысушыларымен, сыртқы серіктестермен (ПМПК, ППТК, ОО және т.б.), 
сондай
-
ақ инклюзивті білім беруді дамытуға мүдделі басқа ұйымдармен тығыз 
өзара байланыс кезінде мүмкін болады.
Инклюзивті білім беру ортасын құрудың тиімді жолдарының бірі 
инклюзивті мәдениетті, инклюзивті саясатты және инклюзивті практиканы 
дамыту бойынша білім беру ұйымдарына тұрақты мониторинг (өзін
-
өзі бағалау) 
жүргізу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет