2023 -2024 оқу жылында Қазақстан республикасының



Pdf көрінісі
бет20/84
Дата03.08.2023
өлшемі1,91 Mb.
#105017
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   84
Байланысты:
27-06-2023-каз

«Негізгі мектеп
-
орта мектеп» деңгейіндегі
 
сабақтастық
 
Жалпы білім берудің үшінші кезеңінің ерекшелігі бейіндік оқытуға көшу 
болып табылады. Жалпы орта білім беру деңгейінде жалпы және кәсіптік білім 
беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, мектеп түлектерін кәсіптік 
жоғары білім беру бағдарламаларын игеруге даярлау қажет. Сабақтастық оқу 
бағдарламасының мазмұнын құрайтын білім мен дағдыларды нығайту, 
тереңдету және кеңейту арқылы жүргізіледі.
Сабақтастық мәселесін шешудің негізгі міндеттері: 

білім алушының орта мектеп жағдайына сәтті бейімделуі; 

негізгі және орта мектеп оқушыларын оқыту және тәрбиелеу үрдісін 
жақындастыру; 

білім алушылардың білім беру нәтижелерін бағалаудың тәуелсіз 
нысандарына, оның ішінде ҰБТ
-
ға дайындығы; 

өзін
-
өзі тану және айналасына қамқорлықпен қарап нәтижелі
кері 
байланыс жағдайын жасау; 

білім алушылардың денсаулығын сақтау жағдайлары.
Оныншы сынып оқушысына «жоғары сынып оқушысы» екенін сезінуіне, 
оқудың мәні мен мағынасын анықтауына көмектесу маңызды.
Негізгі және орта білім беру арасындағы оқытудың сабақтастығын 
қамтамасыз ету бағыттары:
1. Профильге сәйкес білім беру бағдарламаларын таңдау арқылы оқыту 
сабақтастығын жүзеге асыру. 
2. Пән мұғалімдерін 9
-
10 сыныптарда барынша ауыстырмауға тырысу.
3. Білім беру нәтижелерінің мониторингі.
4. Негізгі мектепте оқытуды қолдайтын, орта мектепте саналы түрде оқуға 
және ҰБТ тапсыруға дайындықты қалыптастыратын пәндер бойынша элективті 
сабақтар ұйымдастыру. 
5. Пәндер (үйірмелер, факультативтер) мен жеке сабақтар бойынша 
сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру. 
6. Пәндер бойынша бірыңғай жалпы мектептік онкүндіктерді өткізу. 
7. Ата
-
аналармен жұмыс: жеке кеңес беру, ашық есік күні, мектеп сайты, 
қамқоршылық кеңестер.
Бейімделу процесін жүзеге асыру жолдары:

білім алушылардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу
;
- 10-
сыныпқа келген 9
-
сынып оқушыларының пәндері бойынша және 10
-
сыныптың бүкіл оқу жылында білім сапасын мониторингілеу, анықталған 
олқылықтардың орнын толтыру;

бейімделу қиындықтарын анықтау және талдау, реттеу жолдарын әзірлеу;

оқу процесіне барлық қатысушылардың: мұғалімдердің, ата
-
аналардың, 
білім алушылардың қатысуымен сабақтастықты іске асыру шеңберіндегі 
міндеттерді шешу;


27 

негізгі мектепте (9
-
сыныптар) және орта мектепте (10
-
сыныптар) 
оқытудың мазмұны мен әдістерінде сабақтастық байланыстарды іске асыру; кері 
байланыс мүмкіндіктерін жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет