2023 -2024 оқу жылында Қазақстан республикасының



Pdf көрінісі
бет23/84
Дата03.08.2023
өлшемі1,91 Mb.
#105017
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   84
Байланысты:
27-06-2023-каз

 
мақсаты

 
сөзді дұрыс айта білудің заңдылықтарын 
және қалыптасқан нормаларын меңгеру. Айтылым –
тілмен түсінісуді жүзеге 
асыратын сөйлесім әрекетінің бір түрі. Ол тілдік қарым
-
қатынас барысында 
адамның өз ойын жарыққа шығару процесі. Айтылым, яғни, сөйлеу негізінен, бір 
адамға ғана тән болғанымен, тілдік қатынаста екі жақты байланыстың болуын 
қажет етеді 
Айтылым дағдысы бойынша:

белгілі бір тақырыпқа қатысты ойын білдіру;

өз
 
көзқарасын дәлелдеу


шешім шығару, қорытынды пікір жасау;

зерттеушілік (анализ, синтез);

ақпаратты өңдеу дағдылары қалыптасады. Білім алушылардың айтылым 
дағдысын қалыптастыруда белсенді әрекеттерді қолдану өте тиімді. Мысалы: 
Топтық жұмыста
айтылым
дағдысын қалыптастыруда «Ашық ойла»
белсенді
оқытуы өте тиімді. Топ мүшелері
 
өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ 
пікір қалыптастырады. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға 
байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір
-
бірінің 
жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып, ортақ пікірді қағаз ортасына 
жазып, ойларын қорғайды.
Айтылым дағдысын қалыптастыруда тірек сызбалар арқылы оқыту да 
нәтижелі тәсілдің бірі. Тірек сызбаны пайдалану білім алушыны сөйлеу үшін 
ғана емес, олардың оқу
-
таным
 
белсенділігін арттыру, ой
-
өрісін кеңейту үшін де 
қажет. Мұндай тірек схемалардың тиімділігі, біріншіден, сынып білім 
алушыларын түгел қамтиды,
 
екіншіден, сөйлем құрастыруға, сұрақ қойып

оған 
жауап беруге көмектеседі, үшіншіден, әңгіме құрастырып, оны әңгімелеп беруге 
үйретеді және есінде сақтауға ықпалын тигізеді,
 
төртіншіден, білім алушыны 
пәнге қызықтырады, ынтасын арттырады және мұғалімге сенімді көмекші әдіс. 
Осы арқылы білім алушылар қиын тақырыпты жеңіл меңгереді, үлгерімі нашар 
білім алушыларда белсенділік пайда болады.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы дағдылардың бірі –
оқылым. Оқылым арқылы білім алушы не үйренеді? Олар мәтінді және оқу 
стратегиясының типтерін түсінуге, негізгі ойды және мәтіннің құрылымдық 
бөліктерін, мәтіннің стилі мен типін анықтауға, оқылған мәтін негізінде сұрақ 


30 
құрастыруды, әртүрлі деректерден қосымша ақпаратты айқындауды және 
мәтіндердің салыстырмалы сараптамасын қолдануды үйренеді. Мысалы: 
бастауыш білім беру деңгейінің 3–сыныбындағы «Әдебиеттік оқу»
пәнін 
оқытуда «3.2.2.1 қолдануға
(практикалық)
және бағалауға
негізделген
сұрақтар 
қою және
жауап
беру» оқу мақсаты;
орта білім беру деңгейінің 6
-
сыныбындағы 
«6.2.2.1 құттықтау, өмірбаян, жаңалық, хабарландырудың құрылымдық және 
жанрлық ерекшеліктерін ажырату» мақсаттары оқылым дағдысына берілген, бұл 
жерде білім алушының жас ерекшелігіне қарай оқу мақсаты қарапайымнан 
күрделіге өсіп отыр. Бұл алынып отырған бастауыштағы оқу мақсаты күрделілік 
деңгейіне қарай бір сабақта жүзеге асырылатын болса, орта білім беру 
деңгейіндегі
оқу мақсаттары түгел бір сабақта жүзеге асырылмайды. Бір сабақта 
құттықтаудың, келесі сабақта өмірбаянның, одан кейінгі сабақта жаңалықтың
хабарландырудың құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін ажырату тапсырмасын 
даралап бересіз және бұл оқу мақсаты басқа бөлімде қайталанып келгенде, білім 
алушыға қажеттілігін ескересіз. Мысалы, сізге ұсынылған үлгіде тақырып драма 
театры туралы болғандықтан, құттықтау мен өмірбаяннан гөрі жаңалық пен 
хабарландыру мәтінін қолдану тиімді болды. Алайда білім алушылар 
хабарландырудың құрылымын, ерекшеліктерін жылдам меңгеріп алғанына көз 
жеткізсеңіз, оның орнына жаңалықты немесе театр жетістіктері мен 
құттықтауды, тіпті болмаса белгілі бір актердің өмірбаянын алсаңыз да болады. 
Ең бастысы, мәтін құрылымы сақталып, жанрлық ерекшелігін танитындай
болуы 
керек. Оқылым мақсатын жазылым дағдысына бағытталған мақсат 
толықтырады. Бұл жерде жазылымға «өмірбаян, хабарландыру, құттықтау жазу 
үшін құрылымын ескеріп, қарапайым жоспар құру» мақсаты алынып, 
хабарландыру жазу үшін қарапайым жоспар құру тапсырмасын беруге болады. 
Сонда оқылым мақсатындағы алған дағдыларын жазылыммен бекітеді, сабақ 
жүйелі жүргізіледі. Ал әдіс пен тәсілді өз ыңғайыңызға қарай қолданыңыз. Тек 
оқу мақсатын жүзеге асыруды ұмытпаңыз. Егер оқу мақсаттарын жүйелі, тиімді 
жоспарласаңыз, бағалауды да тиімді жүргізесіз.
Жазылым

барлық тілдік дағдылардың негізінде қалыптасатын күрделілік 
деңгейі жоғары дағды. Жазылымды қалыптастыру бірізді жүйелі жұмыс 
тізбегінен қалыптасады. Жазылым сөздерден ғана емес, ойды жеткізуге 
негізделген сөздердің логикалық тізбегі, яғни сөйлемнен тұрады. Жазылым 
дағдысы тіл білімінің барлық салалары бойынша білімді қажет етеді. Сөйлемнің 
синтаксисін, яғни сөйлемдегі сөздерді байланыстыру мен сөздердің сөйлемдегі 
орын тәртібін меңгеру міндетті. Сонымен қатар пунктуациялық емлелерді 
тәжірибеде қолдана алу дағдыларын да қажет етеді.
Жазылым дағдысының ең күрделі әрі шығармашылықты қажет ететін түрі 

эссе. Эссе жазу білім алушының бірнеше ойлау әрекеттерін жүзеге асыру 
арқылы білім алушының шығармашылығын дамытады. Эссе жазуға 
дағдыландыру үшін ең алдымен білім алушыларға өз ойын, жеке көзқарасын, 
пікірін тиянақты жеткізе білуді қалыптастыру қажет. Ол үшін мысалы, 
«4
сөйлем» әдісі, «Синквейн» «Комментарий жазу», «Дербес пікір жазу 
(негативтен
-
позитивке)», «Екі
жақты күнделік» сияқты әдістерді пайдаланған 
тиімді. Бұл әдістер арқылы білімалушы өз ойын дәлелдеп, растауды, аргумент 


31 
келтіруді меңгереді. Сонымен қатар

ойын қорытындылап, шешім шығаруға 
дағдыланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет