2023 -2024 оқу жылында Қазақстан республикасының



Pdf көрінісі
бет30/84
Дата03.08.2023
өлшемі1,91 Mb.
#105017
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   84
Байланысты:
27-06-2023-каз

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ»
 
Жаратылыстану ғылымын оқыту білім алушылардың бойында табиғи 
құбылыстар мен заңдылықтар туралы түсініктерді қалыптастырып, табиғатты 
танудың ғылыми әдістерін ашып көрсетеді. 
Ол табиғаттың бір бөлігі ретінде адамға, табиғат әлемін ұғыну ғана емес, 
осы өзгергермелі әлемдегі өз орнын сезінуге бағытталған және жеке тұлғалық 


39 
құндылық қасиеттер жүйесін тәрбиелеуге, жеке тұлғаның дүниетанымдық, 
мәдени, тәжірибеге бағдарланған қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш,
негізгі орта және 
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы»
Қазақстан 
Республикасы Оқу
-
ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 
бұйрығына сәйкес: 

бастауыш білім беру деңгейінде «Жаратылыстану»
(1-4-
сыныптар); 

негізгі орта білім беру деңгейінде «Жаратылыстану»
(5-6-
сыныптар), 
«Физика»

«Химия»

«Биология»

«География»
(7-9-
сыныптар); 

жалпы орта білім беру деңгейінде екі бағыт бойынша «Физика»

«Химия»

«Биология»

«География»
(10-11-
сыныптар) пәндері оқытылады. 
Жоғарыда аталған пәндер бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан 
Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік 
оқу жоспарларын бекіту туралы»
2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығының 
(өзгерістер мен толықтырулар ҚР Оқу
-
ағарту министрінің 30.09.2022
ж. № 412

12.08.2023 ж. №365 бұйрықтарымен енгізілген
) 1

3, 11

15-
қосымшаларында (1
-
4-
сыныптар), 6–
8, 16

20-
қосымшаларында (5
-9-
сыныптар), 21–
30, 85

90-
қосымшаларында (1
0-11-
сыныптар) көрсетілген. 
«Жаратылыстану» білім беру саласындағы Бастауыш білім берудің 
мақсаты
«Адам –
Табиғат»
жүйесі шеңберіндегі ғылыми білімнің қарапайым 
деңгейін қамтамасыз ету. Білім алушылардың табиғатты тануға деген 
қызығушылығын, зерттеу дағдыларын дамытуға, қоршаған ортаны ғылыми 
тұрғыдан түсініп, көре білуді қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұны 
«қарапайымнан күрделіге қарай, таныстан таныс емеске қарай»
принципі 
бойынша құрастырылған. Жанды және жансыз табиғаттың құбылыстары мен 
процестерінің өзара байланыстарының себебін ұғыну және түсіну, қоршаған 
ортаның көптүрлілігі мен күрделілігін саналы аңғару білім алушылардың ой
-
өрісін кеңейтеді. «Жаратылыстану»
оқу пәні –
білім берудің кейінгі 
деңгейлерінде дербес пән ретінде оқылатын «Биология»

«Физика»

«География»

«Химия»
оқу пәндерін оқып
-
меңгеруге жол бастайтын, сондай
-
ақ 
білімнің барлық салаларында маңызды орын алатын зерттеу дағдыларының 
іргетасын қалайды.
«Жаратылыстану» білім беру саласындағы Негізгі орта білімнің 
мақсаты
функционалдық білім мен біліктерді, жоспарлау, талдау және өңдеу, 
түсіндіру, жүйелеу, алгоритм бойынша жұмыс, зерттеу, практикалық
-
эксперименттік дағдыларды жетілдіру, қорытындыларды бағалау және 
тұжырымдау дағдыларын қалыптастыруды; әлемнің қазіргі жаратылыстану 
көрінісінің негізінде жатқан іргелі ұғымдарды, заңдылықтарды, теориялар мен 
қағидаттарды, табиғатты ғылыми тану әдістерін, табиғатты, экономиканы және 
қоғамды кешенді зерттеу негізінде адамзаттың ғаламдық және жергілікті 
проблемаларын түсінуді тереңдетуді; экологиялық мәдениетті, ғылыми, 
жобалық және кеңістіктік ойлауды дамытуды; патриоттық сезімдерді, қоршаған 
ортаға деген жауапкершілікті және ұқыпты қарауды тәрбиелеуді; білім 


40 
алушыларды жаратылыстану ғылымдары бағытында кәсіби бағдарлауды іске 
асыруды қамтамасыз ету.
«Жаратылыстану» білім беру саласындағы
 
Жалпы орта білім берудің 
мақсаты:
кең ауқымды дағдыларды дамыту негізінде білім алушылардың 
жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруы және кәсіби өзін
-
өзі анықтауы 
үшін академиялық дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін 
жасау болып табылады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет