2023 -2024 оқу жылында Қазақстан республикасының


  КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ



Pdf көрінісі
бет63/84
Дата03.08.2023
өлшемі1,91 Mb.
#105017
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   84
Байланысты:
27-06-2023-каз

2.13 
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
 
 
Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан мектептерде оқушыларға ерте 


82 
кәсіптік бағдар беру мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Орта білім беру ұйымдары 
қызметкерлерінің кәсіптік бағдар беру қызметі бойынша өкілеттіктері Қазақстан 
Республикасы Оқу
-
ағарту министрінің, одан бұрын Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің бұйрықтарымен белгіленеді. Осылайша
«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының 
үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Министрдің 2022 жылғы 31 
наурыздағы №221 бұйрығымен кәсіптік бағдар педагогы лауазымы енгізілді.
Орта білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысын дамыту 
Қазақстан Республикасында кәсіптік бағдар беру проблемаларын шешуге 
бағытталған мынадай міндеттерді орындау арқылы іске асырылатын болады:
1) ерте кәсіптік бағдар беру элементтерін бастауыш мектеп пәндерінен 
бастап жоғары сыныптарда әр пәннің оқу мақсаттарына енгізу;
2) білім алушыларды саналы түрде мамандық таңдауға дайындау
,
олардың 
үйлесімді дамуының міндетті бөлігі болуы

жеке мүмкіндіктері мен ерекше 
қажеттіліктеріне сәйкес келуі және және білім алушының дене, эмоционалдық, 
интеллектуалдық, еңбек, эстетикалық тәрбиесімен тығыз байланысты болуы, 
бүкіл оқу
-
тәрбие процесіне кіріктірілуі тиіс

3
) орта білім ұйымы бағдарламасына 9
-
сынып үшін «Жұмыс тәжірибесі» 
кәсіби тәжірибе апталығын енгізу;
4) әр өңірдің ерекшеліктеріне сәйкес оқу өндірістік шеберханаларының 
жұмысын жандандыру;
5) мектеп
-
колледж
-
ЖОО арасында байланысты күшейту;
6) кәсіби бағдарлауды ақпараттық тұрғыдан қолдау.
Елімізді өркендететін бәсекеге қабілетті маман қалыптастыруда 
шығармашылық және инновациялық ойлауды ынталандыруға бағытталған білім 
беру шешуші рөл атқарады, оны жеке деңгейде де, сол сияқты қоғам деңгейінде 
де тарату маңызды. Осыған орай нағыз кәсіби маман болу үшін қажетті жеке 
қасиеттерді, мінез
-
құлықты, дағдылар мен құзыреттерді көтермелейтін және 
дамытатын білім және тәрбие жүйесі құрайды. Білім алушыларды мамандыққа 
дайындауда еңбекке баулу, патриотизм, салауатты өмір салты, мейірімділік және 
т.б. құндылықтарды қалыптастыру негізінде мақсатты тәрбие жұмысын жүргізу 
қажет.
Кәсіби бағдарлау жаңа мамандықтар Атласында көрсетілгендей тұтастай 
экономиканың өзгеруіне әсер ететін трендке негізделуі тиіс. 
Мектеп түлектерінің кәсіби бағдар бойынша базалық құзыреттері: Жүйелік 
ойлау; Салааралық коммуникация дағдылары; Процестер мен жобаларды 
басқару мүмкіндігі; Бағдарламалау / Робототехника / Жасанды интеллект
Көптілділік; Экологиялық ойлау және үнемді өндіріс; Клиенттерге бағдарлану 
және шығармашылық құзыреттіліктер қалыптасуы қажет. 
Еңбекке қабілетті, өз күшіне сенімді жастардың ауқымды базасын құру 
үшін мектепке дейінгі және мектептегі білім беру саясаты және оны іске асыру 
қазақстандық жастардың функционалдық сауаттылық дағдыларын нығайтуға 
бағытталуы тиіс.
Бұл модульді орта білім беру ұйымдарында жүзеге асыру келесі 
ұйымдастырушылық, педагогикалық және ғылыми
-
әдістемелік мәселелерді 


83 
шешуді талап етеді:

әртүрлі жас топтарының оқушылары үшін кәсіптік бағдарлау 
жобаларының мазмұндық тақырыбының пилоттық (эксперименттік) алаңдар 
базасында әзірлеу және байқаудан өткізу;

кәсіптік бағдарлау жобаларын жалпы білім беру бағдарламаларына 
интеграциялау моделін әзірлеу (оның ішінде қосымша білім беру ұйымдарының 
қатысуымен желілік ынтымақтастықты іске асыру арқылы) және үлгілік 
нормативтік
-
құқықтық актілерді (жергілікті, желілік) әзірлеу;

модуль шеңберінде жұмысқа тартылатын мектеп педагогтерінің 
біліктілігін жаппай арттыруды ұйымдастыру;

пилоттық (эксперименттік) алаңдардың жұмыс нәтижелерін бұқаралық 
мектептерінің жұмысына тарату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет