26
27
Ақ бұлттар
Самал жел тербеп, үдере
көшкен ақ бұлттар,
Мен туған ауыл, сары-ала шағыл көрдің бе?
Сарғайып әркез ботасын күтіп, ол тұрар,
Сағына айтқан сәлемін алып келдің бе?
«Желсіз түнде жарық ай» деп, бір ән салсам,
Қойнында аунаған сайларым еске оралар.
Әлдебір әсем
табиғат көріп тамсансам,
Аядай ауыл елестеп, көзден жоғалар.
Жармасып алып өзіңмен ұшып барар ем,
Көзіме жақын, қол жетпес, бірақ, биіксің!
Туған жерімнің бауырына барып қонар ем,
Қиялдай берсем, арманы құрғыр биік тым.
Сарғайған сағым сағынышым боп қаларсың,
Түсіме еніп, жаныма демеу боларсың.
Еске алған шақта көзімнен аққан мөлдір мұң,
Ақ тамшы болып, туған жеріме тамарсың.
Сенің көшіңе
шекара шектеу бола алмас,
Биік таулар да, орман мен тоғай, көл тегі.
Сағыныш әннің куәсі болған самал жел,
Мен өскен әсем ауылға сені ертеді.
Жырымды менің ақ қойыныңа салып ал,
Бүгін, не, ертең... Әйтеуір бір күн жетерсің!
Туған ауылдың өзенін, сайын, көк тасын,
Ботасы жазған ән-жырдан хабарлы етерсің.
Достарыңызбен бөлісу: