«алаш мәдениеті» ҚОҒамдық Қоры



Pdf көрінісі
бет20/64
Дата15.08.2023
өлшемі1,01 Mb.
#105323
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64
Байланысты:
aқyndar-zhinaғy-2019-1

МАХАББАТ ЖАРБОСИНА
Аңдатпа:
Қайсы дәуірдің болмасын ең батыл әні, адамзат-
тың көркем кезі – жастық шақ. Бойында қажыр-
қайраты тасып тұрған, дарыны өз бойынан асып 
тұрған жастар – ел тірегі. Менің де бұл өлеңім жас-
тық деп аталатын түгесілмес тақырыпқа мөлт етіп 
тама қалған тамшыдай ғана үлес. Өлеңде жарқын 
болашаққа ұмтылатын жас ұрпақ туралы. Қазақ- 
станды әлемге танытқан, танытып жүрген талант-
тар туралы айтылады. Биылғы «Жастар жылы» 
еліміздің жастарына мол мүмкіндіктер ашып, тың 
идеялардың туындауына сеп болады деп сенемін. 
Аннотация:
Во все времена самая смелая песня, очарование 
человечества – молодость. Молодежь, которые 
имеют силу воли и одаренные являются опорой 
народа. И мое стихотворение о молодежи как кап-
ля в несметную тему. Стихотворение о молодом 
поколении, стремящемся к светлому будущему и 
о талантах, которые прославили и прославляют
Казахстан всему миру. Уверен, что «Год молоде-
жи» подарит молодым людям страны много воз-
можностей и вдохновит на новые идеи.
Abstract:
At all times, the most daring song, the charm of 
mankind is youth. Young people who have willpower 
and gifted are the support of the people. And my 
poem about youth is like a drop in a myriad of topics. 
The poem is about the young generation, striving for 
a brighter future and about the talents that glorified 
and glorify Kazakhstan to the whole world. I am sure 
that the Year of Youth will give young people of the 
country many opportunities and inspire new ideas.


46
47
Жастықты жырға қосқан жапырақпын
Қасиетпен тізгіндеп қасіретті,
Тұлпардай тулап талай ғасыр өтті.
Дауылдарға дес бермес жас толқындар, 
Жүректерде лаулатты жасын отты.
Жас толқын – біз жастармыз жарқылдаған,
Өткенге сағыныш бар сарқылмаған...
Болашақтың даңғылы күтер бізді,
Армысың, айналайын, жарқын ғалам!
Күміс күн, армандашы күліп дейді, 
Дана уақыт мықтыны өзі іріктейді.
Көк аспан кең болуды өрнек етіп,
Асқар тау тек өрлікті үгіттейді.
Жастар жылы – елімде жадырап күн,
Гүлденер, сәні келіп атыраптың.
Туған ел, зор Бәйтерек болса егер,
Жастықты жырға қосқан жапырақпын.
Бабалардың үні – біз дүрілдеген,
Көңілдері көктем боп күлімдеген.
Найза бойы жетпеген қамалдарды,
Жас ұрпақпыз алатын білімменен.
Біз жастармыз, шабыты шарықтаған,
Димаш – ән шырқау көкте қалықтаған.
Өр – Бекзат дүниені мойындатып,
Ер – Данияр боп бүгін жанып барам!
Тулап соққан толқынның күшіндейміз,
Кеудеде жалын жырды мүсіндейміз.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстап,
Көк туды көгімізден түсірмейміз!
Жастық шақ – 
Батыл мінез, сұлу дидар.
Бойында бір ерекше жылу, күй бар.
Қазақтың байтақ Ұлы даласында,
От жастар, тура жолмен жүруді ұйғар.
Намысым үлес қосып шабысыма
«Жастар жылы» құт болғай арысыма.
...Біз жастармыз – күркіреп күні ертең,
Айналар Азияның барысына! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет