«алаш мәдениеті» ҚОҒамдық Қоры



Pdf көрінісі
бет23/64
Дата15.08.2023
өлшемі1,01 Mb.
#105323
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64
Байланысты:
aқyndar-zhinaғy-2019-1

ДАНАГҮЛ ИСАХУЛ
Аңдатпа:
Ақын бұл өлеңінде артында қалдырған ертегіге 
бергісіз қимас балалық шағын суреттей отырып, 
өзі енді ғана іліккен жастық шағын өмірдің қандай 
болмасын қиындықтарына қарамастан жалындап 
өткізгісі келетіндігін бейнелі жеткізген. Өлеңнен 
ақынның енді ғана балалық шағымен қоштасып 
жастықтың теңізіне құлаш ұрған жалынды бейне-
сін аңғару қиын емес. 
Аннотация: 
Автор, рассказывая о своем трогательном детст-
ве, которым он безмерно дорожит, выражает же-
лание провести свою молодость, которая только 
наступила, весьма насыщенно, несмотря на труд-
ности жизни. Трудно не заметить, проникновенный 
образ поэта, который прощаясь с детством, отп-
равляется на плавание по морю, название которо-
го молодость.
Abstract:
The author, talking about his touching childhood, 
which he treasures immensely, expresses a desire to 
spend his youth, which has just arrived, very richly, 
despite the difficulties of life. It is hard not to notice 
the soulful image of the poet, who says goodbye to 
childhood, sets sail on the sea, whose name is youth.
Жастығымды өткіземін жалындап…
Тауда тудым. Қойшы үйінде қой баққан,
Қозы-лақпен өстім бірге ойнақтап.
- Қаспақ жейім, деп, әуреледім анамды,
Желінбеген ыдыс-ыдыс қаймақ қап.
Өткенін де білмеуші едім күн қалай.
Жеткенін де білмеуші едім түн қалай.
Көкірегі кітап сынды әжемнен,
Ұйқтамадым бір ертегі тыңдамай.


52
53
Ал ертесі құрбыны ертіп бірге өскен,
Күні бойы жинайтынбыз гүл десте.
Қайтатынбыз ойымызда түк те жоқ,
Бұзау еміп қойғанын да білместен.
Налығанда кейде өмір бекер деп,
Балалық-ай, елестейсің шекер боп.
Әлден өңі жүдеу тартқан жүрегім,
Енді қанша аңсарымды көтермек?
Болмаса да айтарлықтай еш себеп,
Ере берем өмір атты көшке кеп...
Жастығымды өткіземін жалындап,
Талай арман адастырып кетсе де...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет