«алаш мәдениеті» ҚОҒамдық Қоры



Pdf көрінісі
бет3/64
Дата15.08.2023
өлшемі1,01 Mb.
#105323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
aқyndar-zhinaғy-2019-1

 
* * *
Ең көне ғасырдың бөрісі найзағай тілінде үн қатып,
Байғұздың зарымен меймезгіл күн батып.
Бабалар үні ғой көшпенді дәуірді аңсаған
Жыр жазып, аламыз біз оны жұбатып.
Ең ескі жылдарды жұтамыз ақпарат көзі мен,
Солардан ауыр ой, қайғы шер сезінем.
Солардың үніне құлақ сап,
Бөрілік – өмірдің мұңымен көзілем.
Ең ескі айлардың түнектен түндігі серпіліп,. 
Бөрілер найзаға тілін де, мекенін сағынып келді ұлып, 
күнәдан адағы кетеді. 
Анамның сүтіндей кіршіксіз – дала сүт,
Оянды жадымда сөнбейтін мәңгі үміт.
Ең ескі күндердің бөрісі, кім еді?
Ұлтының ғұмыры ақ адал жүрегі.
Оймақтай ойыма иненің табындай
«Бес арыс», «бәйтерек» ұлылар түнеді. 
Ең жаңа ғасырдың тілін де ғарышта, 
Аспан да, дала да сөйледі.
Ең ғажап түстерге боялды арудың көйлегі. 
Құстар да сөйлетін боп алды, ұшпайтын 
боп алды алысқа.
Теңіздей тербейтін боп алды сондағы, ой мені.
Ең жаңа жылдардың жаңару мәнісі не осы?
Қай жаққа апарар, салынған көп үйлер жол ұшы?! 
Сендегі арманың, мендегі ойлардың жемісі,
Мысалы: Сарыарқа төсінде – Астана қонысы.
Ең жаңа айлардың, ең нәзік сағаттай бұлт көші, 
Қазақстан көшеді жастардың тілімен. 
Ғарышқа яки даму да жұрт демі.
Ғасыр да, жылдар да, он екі ай, күндер де, 
Жастардың жаңару, жаңғыру нүктесі.
Ең жаңа күндердің қымыздай өлеңі осы еді. 
Бақытты бағым да, ең ащы мұңым да бес елі.
Анамның сүтінде даламның киесі.
Бөлтірік дәуірім ең ескі ғасырға көшеді.
Ең ескі ғасырдың түндігі түнектен жабылып.
Ең жаңа ғасырдың түндігі жүректен ашылып.
Өмірге біз келдік бөлтірік бауырың,
Болармыз біздер де, бабамдай Хас ұлық.


8
9
* * *
Іңір.
Елес.
Ібіліс.
Көлеңкем,
Тыныстаған өз демім.
Күбірлейді...
Өзгеше бір күй кешіп,
Іңір мейлі,
Дұғасы да дуалы.
Жел – сыбызғы мұң,
Кеңістікте құс үні.
Өзен толқыны қайғылы ән,
Қар барқыт бұлттар ұсынып,
Жердің көзі – аспанға,
Моншақ-моншақ тамшысын ұшырып,
Ғаламға құлап әр күндер.
Мен мұң ішем тамшы толтырып алақаныма.
Кермек-кермек ой жұтып,
Миымның қан тамырларында,
Күнәмнің дәрісі ішіліп.
Жүрегіме аққу ұя салмаған,
Қарға-ойым тәңірсіз шідерінен босанып,
Еркінмін, – деп кезеді, әзиз сабыр қанымда.
Алысқа қараймын бүркіт көзімен,
Томағамды алып,
Жанарымның от ізі табылмай...
Іңір.
Елес.
Ібіліс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет