Халықаралық терминологиялық стандарт
(Международ-
ный терминологический стандарт)
– халықаралық стандарттау
ұйымы ресми бекіткен, әлем халықтарының ғылыми қарым-қа-
тынаста қолданылуы үшін ұсынылатын және терминологияны
халықаралықтандыру мақсатында жасалатын терминологиялық
стандарт. Мысалы, ICO бекіткен терминологиялық стандарттар.
10
Терминологияны біріздендіруде қай
бағытты ұстану керек?
ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ БІРІЗДЕНДІРУДІҢ ЖАЛПЫ
БАҒЫТЫ
Терминологияны біріздендірудің жалпы үрдісі, негізгі
бағыт-бағдары қандай болуы керек?
Терминжасам, ұлттық терминқорды қалыптастыру мен бар-
лық терминологиялық жұмыстарды жүргізуде, соның ішінде,
терминологияны біріздендіруде де жалпы басшылыққа алына-
тын, бағдар беретін ең негізгі тірек терминологияны дамыту мен
қалыптастырудың ғылыми қағидаттары болуға тиіс. Алайда дәл
қазіргі кезеңде ресми бекітіліп, республика көлемінде жаппай
басшылыққа алуы міндеттеліп отырған терминологияны дамыту
қағидаттары жоқ. Тарихқа жүгінсек, қазақ терминологиясын да-
мытудың іс жүзінде басшылыққа алынған екі қағидаты болған.
Оның біріншісін Ахмет Байтұрсынұлы мен Елдес Омарұлы жа-
сап, ғалымдар талқысына салып, 1924 жылы өткен Қазақ білім-
паздарының тұңғыш съезінің қаулысымен бекіткен еді. Осы
қағидатты алаш оқығандары 30-жылдардың ортасына дейін бас-
шылыққа алды. Сол кезеңдегі терминжасам, барлық термино-
логиялық жұмыстар аталған қағидаттарға негізделіп жүргізілді.
Екінші қағидатты профессор Құдайберген Жұбанов ұсынды. Бұл
қағидаттар 1935 жылы республика мәдениет қызметкерлерінің
съезінде қабылданып, ел тәуелсіздігін жариялаған 90-жылдардың
басына дейін басшылыққа алынды. Көріп отырғанымыздай, ХХ
ғасырда басшылыққа алынған терминологияны дамытудың екі
қағидаты да ресми мақұлданған. Ал 90-жылдардан кейін Тәуел-
сіз мемлекеттің дербес тіл саясатына негізделген терминологи-
яны дамыту қағидаттары ресми бекітілмеді. Соның салдарынан
ұлттық терминқорды дамытудың жалпы бағыт-бағдары айқын-
далмай отыр. Мұндай жағдай терминологиялық жұмыстарды
жүргізу мен терминжасам, терминалмасым үдерістерінің стихия-
11
лық сипат алуына апарып соқтырады. Іс жүзінде ондай құбылыс
көрініс беріп те отырғанын айтуымыз керек. Біз атап көрсеткен
екі қағидаттың біріншісі – терминологияның ұлттық сипатын
арттыруға, терминдердің басым бөлігін ұлт тілінде жасауға ба-
сымдық берсе, екіншісі – терминологияны халықаралықтанды-
руды мақсат еткен қағидаттар еді. Белгілі терминтанушы ғалым
В.М. Лейчик терминқорды қалыптастыру қағидаттарының мәні
мен түпкі мақсатын өте дұрыс атап көрсеткен. «Терминология-
ны қалыптастыру қағидаты – әдетте жаңа саланың түзілуі кезін-
де лексикалық бірліктерді (терминдерді – Ш.Қ) жасауда немесе
іріктеп алуда басымдыққа ие болатын тілдік үрдіс. Бұл үрдіс әр
тілдің өз тілдік қорына табан тіреу арқылы да, терминдерді өзге
тілдерден дайын қалпында алу жолымен де жүзеге асуы мүмкін.
Одан кейін бұл қағидатты терминжүйені құрастыру немесе тер-
минологияны терминжүйеге айналдыру кезінде де қолдануға бо-
лады» [131] – деп жазады ғалым.
Қазіргі кезеңде бізде осындай терминологияны қалыптасты-
рудың үрдісін анық көрсетіп беретін бүгінгі заман талабына сай
ғылыми негізделген қағидат белгіленбеген. Бағдар белгілі бол-
мағандықтан, ғалымдар мен сала мамандары терминжасам, тер-
минологияны қалыптастыру, жүйелеу барысында қай үрдістің
дұрыстығын, қайда бет түзерін бағамдай алмай жатады. Терми-
нологиялық жұмыстарды жүргізуге құзыретті Республикалық
терминология комиссиясының біресе ұлт тіліне негізделіп жа-
салған мұражай, әнұран терминдерін, енді біресе олардың
музей,
гимн
түріндегі шеттілдік нұсқасын қайтадан бекітуі – осы қағи-
датсыздықтың (принципсіздік) іс жүзіндегі айқын көрінісі. Қағи-
дат нақтыланып, ұстаным айқындалмайынша, мұндай кереғар
шешімдер шығарылып, бағдарсыздық жалғаса береді.
Қазақ терминологиясының тілдің ішкі мүмкіндігі негізінде да-
муын қалайтын қауым біріншісі алаш қағидаттарын, ал кең та-
раған кірме терминдерді көбірек қабылдап, терминқорымыздың
халықаралық сипатын арттыруды көздегендер екінші кеңестік
қағидаттарды басшылыққа алған дұрыс деп санайды. Осыған
12
байланысты қоғамда, ғылыми қауым арасында әлі де терминдерді
жасау мен аударуға, шет тілдерінен қабылдауға және терминқор-
ды қалыптастыруға қатысты ортақ көзқарас, жалпыға бірдей
ұстаным орнықпаған. Осы жағдайды және терминологияны да-
мытудың қағидаттарының ресми бекітіліп, мақұлданбағандығын
ескере отырып, біз терминологияны дамытудың жалпы бағыты
ретінде өзіміз жүргізген арнайы ғылыми зерттеу нәтижесіне не-
гізделген төмендегі қағидаттарды басшылыққа алуды ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |