Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет78/299
Дата23.08.2023
өлшемі11,77 Mb.
#105489
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   299
73
әңгіме-дебат
барысында:
1) ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және 
әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;
2) ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған 
талпыныс жасалады;
3) қарым-қатынас көбіне «иә, бұл солай», «жоқ, 
олай емес» деген бағытта жүзеге асады;
4) Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке 
бағытталған. 
Кумулятивтік әңгіме 
барысында байқалатын 
жайлар:
1) айтылған пікірлермен тыңдаушылардың 
әрқайсысы механикалық түрде келісе береді;
2) әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, 
оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да 
болсын идеяларды төзімділікпен тыңдайды;
3) идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі 
мұқият бағалана бермейді. 
Зерттеушілік әңгіме 
жүргізілу үстінде:
1) әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;
2) әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанымен, мұқият бағаланады;
3) қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;
4) қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме «көрінеді»; 
5) топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі де мүмкін, ең 
бастысы – келісімге ұмтылу).
Көптеген талқылаулар, әдетте, әртүрлі әңгіме түрлерінен құралады. Мерсердің 
айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылауларда 
әңгіменің зерттеушілік түрі 
басымдыққа ие болады.
Зерттеушілік әңгіме
Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі 
арасында байланыс бар екені анықталды. Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, 
зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып 
табылатын әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен 
шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен 
түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға 
береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге 
ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтады; 
болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген 
сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, 
топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді.
Осындай сценарий бойынша оқушылар бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды. Бұлай 
жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады. алайда, бұл 
әңгіме олар үшін қалыптағы дүние емес, сол себепті де мұғалімдер бірігіп істеген жұмыстың 
құндылығын түсінулеріне көмектесу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет