Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет90/299
Дата23.08.2023
өлшемі11,77 Mb.
#105489
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   299
83
Көрсетілім
аКТ-ны не үшін пайдалануға болады?
• оқушылардың түрлі амал-тәсілдерді көрсетуі (мысалы, нақты ғылымда заттарды қалай 
өлшеуге болады және т.б.);
• идеяларды салыстыру (мәселен, өнер мен музыка саласында және т.б.)
• зерделеу және талқылау мақсатында басқа оқушылармен жұмыстарын алмастыру 
(мәселен, көркем жазу және тарихта т.б.);
• оқушылардың жұмысы мен түсініктемелерін салыстыру (мәселен, бейнеклиптер).
Модельдеу
аКТ-ны не үшін пайдалануға болады?
• оқушыларға өмірдегі нақты проблемалар немесе оқиғалардың модельдерін ұсыну (мы-
салы, ғылымдағы сызба немесе географиядағы табиғи өзгерістердің көрінісі және т.б.);
• оқушыларға мәтінді талдаудың және жазбаша нысанды пайдаланудың әдістерін көрсету 
(мәселен, көркем жазуда немесе тарихта т.б.);
• тұжырымдаманы көрсететін бейнелерді беру (мысалы, түрлі эмоциялар мен сезімдерді 
модельдеу үшін дыбыс пен бейнені пайдалану, математикалық модельдер ретінде 
кестені пайдалану – «егер... болса, не болады?»).
Бағалау мен талдау
аКТ-ны не үшін пайдалануға болады?
• оқушылардың түрлі нысандағы ақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету (мәселен, 
DVD-дискілер, аудиокассеталар, белгілер, символдар, басқа тілдер);
• оқуда жаңалық жасауға ықпал ету (мәселен, веб-сайттан кез келген пән бойынша 
ақпарат іздеу);
• оқушыларға мәтіндердің түрлерін көрсету (мәселен, көркем жазу бойынша ғылыми-
танымал мәтіндер, эмоция мен сезімін білдіру үшін авторлардың сөздерді пайдалану-
ын талдау және т.б.);
• балама таныстырылымдар мен суреттер ұсыну (мәселен, жиналған деректер үшін 
неғұрлым жақсы келетін кесте туралы шешім қабылдау, әртүрлі суретшілердің 
жұмыстарын салыстыру, сызба немесе тізбек жасау, мәселен, музыкадағы дыбыс не-
месе математикадағы сандар және т.б.).
Ұсыну, қайталай ұсыну және қарым-қатынас
аКТ-ны не үшін пайдалануға болады?
балалардың идеялары, жұмыстарымен алмасуы (мәселен, олардың дизайн мен техно-
логия саласында әзірлеген жобалары);
• ақпарат алмасу (мысалы, PowerPoint таныстырылымы; мүгедек балаларға арналған 
байланыс құралдары);
• балалар жұмысының сапасын жетілдіру және арттыру (мәселен, көркем жазу бойынша 
мәтінді редакциялау және т.б.);
• пікірлер мен ақпаратты қорыту, жалпылау (мәселен, балалар электронды пошта арқылы 
басқа балаларға географиядан жергілікті экологиялық мәселе туралы хат жаза алады, 
математикадан есеп шығарудың кезеңдерін қадамдап жазу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет