С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал


Фильмдерді көру және оdоs)ны талдау



Pdf көрінісі
бет62/85
Дата31.08.2023
өлшемі6,43 Mb.
#105772
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   85
Байланысты:
Сембинова-1

Фильмдерді көру және оdоs)ны талдау
Сабақ барысында көркем фильмдерді және
шағын бейне-баяндарды, олардың үзінділерін
қолдануға болады. Тақырып пен мақсатқа сай
материалды тек қана қосымша емес, сабақтың кез
келген кезеңінде көрсетуге болады. Көрсетілімнің
алдында студенттерге бірнеше (3-5) кілтті
сұрақтарды беріп қою қажет. Бұл талдауға негіз болатын сұрақтар. Фильмді
арнайы таңдалған жерлерінен тоқтатып дискуссия өткізуге болады. Пікірталас
барысында оқиға әрі қарай қалай өрбиді немесе қалай аяқталады деген сияқты
да сұрақтарды қоюға болады. Соңында студенттермен бірге талдап,
қорытындысын шығару қажет. Бұл да - өте ұтымды жұмыстың бір түрі. 
Ойын жинақтау әдісі
Түсінік - бұл логикалық түрде ресімделген
зат
туралы жалпы бір нәрсенің идеясы. 
Ойын жинақтау әдісі оқытылатын пән
немесе зат, құбылыс туралы терең және
толық мәлімет береді.
Ойын жинақтау 3 кезеңмен өткізіледі: 
1) Оқытушы ұғымдар сипаттамаларына
кіріспе береді. Бұл сипаттамалар бойынша студенттер қандай түсінік туралы
әңгіменің өрбітеді. 
2) Оқытушы ұғымға қосымша сипаттама енгізеді. Сипаттамалар осы
ұғымға жататындығын студенттер анықтауы қажет.
3) Сабақта әлі айтылмаған мәліметтер бойынша студенттер өздерінің
сипаттамаларын беруге тиіс.
Осы ұғымдар бойынша қорытынды жасалады.
Бір минут
Бұл әдіс студенттерде оқылған материалдан түйінді, басты ақпаратты
іріктей білу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, сондай-ақ белсенді
тыңдау дағдысын дамытады. Аталған әдісті «Ыстық орындық»
 
әдісімен
байланыстыруға болады.
Т
опқа қаратып бір «ыстық» орындық қойылады.
Сондай-ақ барынша жайлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету мақсатында
91


«ыстық» орындықты дөңгеленіп отырған қатысушылардың ортасына қоюға
болады. 
Жүргізу барысы: 
☺ студенттер тиісті тақырыпты зерделеп, өздері негізгі деп санайтын
ақпаратты атап көрсетеді. Олардың мәселені топта немесе жеке зерттеуіне
болады. 
☺ оқуға берілген уақыттан кейін студенттер «ыстық» орындыққа
отырып,
бір минуттың
ішінде өздерінің басты қорытындысын/ақпаратын
ұсынады; 
☺ басқалары мұқият тыңдаулары керек, егер де олар «ыстық»
орындықтағы студенттің тақырыптан ауытқығанын немесе қайталанғанын,
күмәнді деректер келтіргенін аңғарса, наразылық білдіре алады. Мұндай жағдай
орын алса, жауап беру тоқтатылады; 
☺ ұйымдастырушы наразылықтың дұрыс/бұрыстығын айтып, өз
шешімін дәйектеуі қажет;
☺ Егер де наразылық дұрыс деп танылса, онда «ыстық» орындықтағы
студент ойыннан шығып, орындықты босатады. Наразылық танытқан студент
ұпай алады; 
Егер де наразылықтан қабылданбаса, онда студент келесі наразылық
білдірілгенге дейін немесе бір минут аяқталғанша өз сөзін жалғастырады.
Сонымен қатар, өзіне тиесілі минут бойынша «ыстық» орындықта отыра алса,
ұпай алады. 
Қосымша тапсырма ретінде студенттермен
«Тұжырымдамалық карта»
әдісі бойынша тақырыпты талқылауға болады, онда олар «Бір минут»
тапсырмасын орындаған кезде алған барлық ақпаратты жинақтайды және
құрылымдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет