Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет192/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

300


3.9.
АСТАРДЫ, ЖЫЛУЛЫҚ ІШТІКТІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ 
ОЛАРДЫ БҰЙЫММЕН БІРІКТІРУ
3.9.1. 
Астарды өңдеу
 
Астарды өңдеу келесіден тұрады. Әуелі бойұстағыш пен ілгішт 
і– астарда бекітілуі тиіс ұсақ бөлшектерді дайындап алады. Бұл 
бөлшектерді 2.2.6-бөлімшеде көрсетілгедй етіп дайындайды (2.6- 
сурет, 
б

в
). Егер ілгішті ені 7 мм арнайы таспадан дайындаса, онда 
оны ұзындығы 70...80 мм кесінділерге кеседі. 
Ілгішті артқы бой астарының беткі жағына мойын 
ойындысының қиығын бойлай одан 10 мм арақашықтықта қояды. 
Ілгіштің ұштарын бүгеді, мойын ойындысының қиықтарымен 
теңестіреді және үш қабат кері тігіммен бастырып тігеді. 
Астарда қиылмайтын бүкпелерді сырып тігеді (2.2.4-бөлімшені 
қараңыз) және қажет болған жағдайда ішкі қалта дайындайды (3.4- 
бөлімшені қараңыз). 
Артқы бой астарының ортаңғы қиықтарын мойын 
ойындысының қиықтарынан бастап сырып тігеді. Алдыңғы бой 
астары мен артқы бой астарының бүйір қиықтарын біріктіреді, 
сырып тігу тігімін қолтық ойындысынан жең аузына дейін салады. 
Сырып тігу тігісінің ені 10 мм. 
Әйелдер бұйымдарында бүйір қиықтарды сырып тігу кезінде, 
егер модельмен қарастырылса, оң жақтан бойұстағыш салады. 
Кейде бойұстағышты жең астарын бұйым астарының қолтық 
ойындысына қондырып тігу тігісіне салады. 
Етегі бойынша бір шеті ашық астарлы бұйымдарда астардың 
барлық тік тігістері қосымшаларының қиықтарын, сондай-ақ 
алдыңғы бой астарының бүйір қиығын жиектеп торлайды. Жиектік 
тігімдерді астар астының қиығынан ұзындығы 400...500 мм бөлікте 
салады. Етегі бойынша қосып тігілген астарлы бұйымдарда сырып 
тігу тігістерінің қосымшаларын жиектеп торламайды. 
Артқы бой астарының қиығын қондыра отырып, алдыңғы бой 
астары мен артқы бой астарының иық қиықтарын ені 10 мм тігіспен 
сырып тігеді. Тігімді алдыңғы бой бойынша салады. 
Жең астарында, егер модельмен қарастырылса, бүкпені сырып 
тігеді, алдыңғы және шынтақ қиықтарды бірікіреді, тігімді жең 
астарының астыңғы қиығынан бастап салады. Қажет болған 
жағдайда шынтақ деңгейінде алдыңғы тігістерде ұзындығы 
200...250 мм тесікті сырып тігілмеген күйде қалдырады. Жең 
астарын бұйым астарының қолтық ойындысына қондырып тігеді. 
Өңделген астарды баса үтіктейді, бүкпелер мен сырып тігу 
тігістерінің қосымшаларын жатқыза үтіктейді. 
301


Астарды өңдеу реттілігі, операциялардың құрамы бұйым түріне, 
оның пішіміне, конструктивтік ерекшеліктеріне, бұйым етегін 
астармен өңдеу тәсіліне байланысты өзгеруі мүмкін. 
3.9.2. 
Жылулық астарды өңдеу
Жылулық астарды модельге байланысты астар бөлшектерімен 
немесе бұйымның сырт бөлшектерімен біріктіреді. Біріктіруді 
бөлшек контуры бойынша сыру не сырып тігу арқылы орындайды. 
Бөлшектерді сыру кезінде сыруға арналған қосымшалармен 
пішеді. Қосымшалардың ені жылытқыштың қалыңдығына және 
сыру суретіне байланысты болады. Қолтық пен мойын 
ойындысының қиығын сыру кезінде қисық сызықты қиықтарды 
пішін өзгертуге жол бермеу үшін пішу кезінде қимайды. Осылайша, 
сыруға арналған бөлшекті түзу сызықты жақтары бар фигура – 
үшбұрыш немесе трапеция түрінде пішеді. 
Астардың не өңнің беткі жағына сыру суретін салады. Суреті 
бар бөлшекті ішкі жағымен жылытқыш іштікке қояды да, бір инелі 
сырып тігу машинасында сырады. Егер сыру суреті параллель 
сызықтардан тұрса және машинаның бағыттауыш сызғышы бар 
болса, онда бөлшектерді алдын ала сурет салмастан сырады. 
Бірінші тігімді бөлшектің ортасына салады, кейінгі тігімді 
ортаңғы тігімнің екі жағынан да бөлшек қиықтарына дейін салады. 
Осылайша, сыру кезінде бүкіл беті бойынша біркелкі материал 
қондырмасын алуға болады. Сыру тігімдерін бір бағытта салады. 
Бұл тігімдердің арасында материалдың қиғаш қыртыстардың пайда 
болуына жол бермеуге мүмкіндік береді. Инешаншым ұзындығы 
4...7 мм, ине жіптің керілімі шағын болуы тиіс. Тігімдердің 
арасындағы арақашықтық жылулық іштікің қасиеттерін ескере 
отырып, модельмен анықталады. Сырылған бөлшектерді лекало 
бойынша бормен айналдыра қоршап, пішеді, қажетті жерлерде 
бақылау кертпелерін қояды. Кейінгі монтаждау қолайлы болу үшін 
сырылған 
бөлшектердің 
қиықтарын 
бойлай 
сырып 
тігу 
машинасында немесе қолмен қиықтардан 5...7 мм арақашықтықта 
тігім салынуы мүмкін. 
Сыру үшін түзу сызықтық тігімдерді ғана емес, сонымен қатар 
фигуралық тігімдерді де орындауға мүмкіндік беретін көп инелі 
сыру машиналарын да пайдаланады. Мұндай машиналарда 
материал жаймаларын сырады, олардан артынан жылы астар не 
жылы сырт бөлшектерін пішеді. 
Жылы іштікті астар немесе сырт бөлшектерімен, бұл 
бөлшектерді сұлба бойынша сырып тігужі орындай отырып, 
біріктіруге болады. Пішілген астарды немесе сырт бөлшегін ішкі 
302


жағымен жылулық іштікке қояды және тігімдерді бөлшек 
қиықтарының бойымен олардан 5...7 мм арақашықтықта сырып тігу 
машинасында немесе қолмен салады. 
Кейбір жылулық іштіктерді, мысалы инетесімді жүн аралас 
кенепті, талшықтардың жылжып кетуіне жол бермеу үшін сырт не 
астар бөлшектерімен біріктірмес бұрын алдын ала дәкемен немесе 
оны алмастыратын тоқылмаған жаймамен ораған дұрыс. Жылулық 
іштіктің кенебін дәкеге төсеп, оның үстіне дәкенің тағы бір қабатын 
қояды. Одан әрі астармен не сыртпен біріктіру жоғарыда 
көрсетілгендей жүргізіледі. 
Жылулық іштікпен бекітілген астар бөлшектерін не сырт 
бөлшектерін, жылулық іштіксіз астар бөлшектері не сырт 
бөлшектері сияқты, өңдейді. Мұндай бөлшектердің қиықтарын ені 
10...15 мм қайым не бастырма тігіспен біріктіреді. 
Алмалы жылулық астар сыртқы және ішкі қабаттардан тұрады. 
Ішкі қабат – жылулық іштікпен сырылған астар. Сыру, лекало 
контурларын жиектеу, ішкі қабатты тілу жоғарыда көрсетілгендей 
орындалады. Бүкпелерді қайым не бастырма тігіспен сырып тігеді, 
қажет болған жағдайда олар тілінген болуы мүмкін. Бөлшектердің 
бүйір және иық қиықтарын, жең қиықтарын ені 10 мм қайым 
тігіспен біріктіреді. Жеңдерді қолтық ойындысына ені 10 мм 
тігіспен қондырып тігеді. 
Алмалы жылулық астардың сыртқы қабатында бүкпелерді, бүйір 
және иық қиықтарын, жең қиықтарын сырып тігеді, жеңдерді 
қолтық ойындысына қондырып тігеді. Артқы бойдың ортаңғы 
қиығын сырып тіккен кезде тігіс ортасынан ұзындығы 400...500 мм 
бөлікті сырып тігілмеген күйде қалдырады. 
Алмалы жылулық астардың өңделген екі қабатын да беткі 
жақтарын ішке қаратып салады, қиықтарды теңестіреді, бақылау 
белгілерін сәйкестендіреді және өңірлері, етегі мен мойын 
ойындысы бойынша жөрмейді; жең аузын жөрмейді. Астарды беткі 
жағына айналдырады, оны түзейді және астар шетінің бойымен 
әрлегіш тігім салады. Артқы бой астарының сырып тігілмеген 
бөлігін екі жабық қиықты жапсырма тігіспен бүгіп тігеді. Алмалы 
жылулық астардың өңірлерінде салынған белгіге сәйкес ілгектер 
шалып тігеді. Бұйым өңірлеріне алмалы жылулық астарда 
ілгектердің орналасуына сәйкес түймелер тағады. 
Алмалы жылулық астардың екі қабаты шеттіктеу тігісімен 
біріктірілуі мүмкін. Бұл жағдайда сыртқы қабат артқы бойының 
ортаңғы қиығын тігіс ортасында тесік қалдырмастан сырып тігеді. 
Өңделген екі қабатты да теріс жақтарын ішке қаратып қояды, 
қиықтарды сәйкестендіреді және ені 5 мм тігіспен сырып тігеді. 
Одан кейін бүйір, етек пен мойын ойындысы қиықтарын, жеңнің 
303


астыңғы қиықтарын көлбеу көмкермемен не ызбамен шеттіктейді. 
Алмалы астарды бұйыммен батырма, сыдырма түймелік немесе 
күрмек ілгектер мен түймелер арқылы біріктіруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет