Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


  Астарды бұйыммен біріктіру



Pdf көрінісі
бет193/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

3.9.3. 
Астарды бұйыммен біріктіру
 
Астарды бұйыммен біріктіру тәсілі едәуір деңгейде бұйым 
етегін өңдеу тәсіліне байланысты болады. 
Етегі бойынша бір шеті ашық астарлы бұйымдарда астарды 
бұйыммен біріктіруді бұйымның негізгі бөлшектері өңеліп, 
біріктіріліп, түймелік өңделіп, жаға мен жең қондырып тігілгеннен 
кейін орындайды. Өңірастылардың ішкі қиықтары, үстіңгі жағаның 
мойын ойындысының қиығы, бұйым мен жеңдердің астыңғы 
қиықтары өңделмеген күйде қалады. Астардағы бөлшектер өңделіп, 
біріктірілген, астар жеңі қондырып тігілген. Бүйір, мойын 
ойындысы, астар асты қиықтары, жең астары аузының қиықтары 
өңделмеген. Жұмысты мынадай реттілікпен орындайды. Бұйымды 
үстелге ішкі жағын жоғары қаратып жаяды. Оған ішкі жағын төмен 
қаратып астарды қояды, астар мен бұйымның бүйір және иық 
тігістерін сәйкестендіреді. Астар мен бұйымға астарды өңірастымен 
және жағамен біріктіру сызықтары бойынша бақылау белгілерін 
қояды. Астарды өңірастылармен және үстіңгі жағамен беткі 
жақтарымен 
қояды, 
қиықтар 
мен 
бақылау 
белгілерін 
сәйкестендіреді. Астарды өңірастылар мен үсіңгі жағаға қосып 
тігеді. Бұл ретте алдыңғы бой астарын кеуденің ең шығыңқы 
нүктелерінің деңгейінде қатпарларға, ал артқы бой астарын 
ортасынан салады. Тігімді астар бойымен сол жақ алдыңғы бойдың 
етегінен бастап салады. 
Одан кейін астыңғы жағаны қондырып тігу тігісінің 
қосымшаларын (3.18-сурет, 
а

1
-тігім) астарды үстіңгі жағаға қосып 
тігу тігісінің қосымшаларымен біріктіреді (
2
-тігім). Қосымшаларды 
тігімді қосымшалардың теңестірілген қиықтарынан 7...9 мм 
арақашықтықта астардың ішкі жағынан сала отырып, сырып тігеді 
(
3
-тігім). Астыңғы жағасы мойын ойындысымен жапсырма тігіс 
арқылы біріктірілген бұйымдарда астарды үстіңгі жағаға қосып тігу 
тігісінің қосымшаларын артқы бойдың мойын ойындысы бойынша 
салынған матаның кесіндісімен біріктіреді (3.18-сурет, 
б

3
-тігім). 
Астарды жеңдерге қосып тігеді. Ол үшін жеңді ішкі жағына 
айналдырады. Жең мен жең астарының тігістерін сәйкестендіреді 
және жең аузы мен астар астының бүгілу қосымшасының 
қиықтарын теңестіреді. Жең астарын жең аузының бүгілу қосымша- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет