Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет196/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

309


3.10.
бүйір тігіске дейін астарды сырт бөлшектерге қосып тігеді. 
Етектің бүгілу қосымшасын бұйымның тік тігістерінің 
қосымшаларында бекітеді. Пиджакты беткі жағына қолтық 
ойындысы арқылы аударады. Шлицаның астыңғы жағының шетін 
бойлай артқы бойдың оң жақ бөлшегінде бұл шеттен 2 мм 
арақашықтықта тігім салады. 
Жеңді бұйымның қолтық ойындысына қондырып тігеді. Әр 
жеңнің жеңтүбі бойынша қондырманы жия үтіктейді. Жетүптің 
үстіңгі бөлігін қатайтқыштарды және жеңтүп қондырмаларын 
жеңдерді қондырып тігу тігістерінің қосымшаларына қосып тігеді. 
Тігімдерді жеңдерді қондырып тігу тігімдерінен 1...2 мм 
арақашықтықта салады. Одан кейін үстіңгі иық қондырмаларын 
қосып тігеді. Жеңді астар жаққа айналдырады да, жең астарын 
бұйым астарының қолтық ойындысына жең астарының алдыңғы 
тігістеріндегі сырып тігілмеген тесіктер арқылы қондырып тігеді. 
Жең астарын қондырып тігу тігістерінің қосымшаларын жеңтүптің 
үстіңгі және астыңғы бөліктерінде жеңдерді қондырып тігу 
тігістерінің қосымшаларына бекітеді. Одан кейін жең астарының 
алдыңғы тігістеріндегі тесіктерді жабық қиықты жапсырма тігіспен 
бүгіп тігеді. Тігімнен тігіс шетіне дейінгі арақашықтық 1...2 мм. 
АСТАРЛЫ БҰЙЫМДЫ СОҢҒЫ ӘРЛЕУ
 
Соңғы әрлеу кезінде ілгектерді шалып тігеді, бұйымды 
тазалайды, соңғы ЫЖӨ-ні орындайды, түймелер тағады, 
белдіктерді және басқа да алмалы бөлшектерді тағады. 
Ілгектерді ілгекті жартылай автомат құрылғысының көмегімен 
жүргізілетін белгі бойынша не көмекші лекало бойынша ілгекті 
жартылай автоматта шалып тігеді. 
Бұйымды бордан тазартады. Машина тігімді жіптердің ұштарын 
кесіп, уақытша бекітілген барлық тігім жіптерін алып тастайды. 
Одан кейін бұйымды қол не механикалық шөткемен тазалайды. 
Соңғы ЫЖӨ-ді баспақтарда, бу-ауалы манекендерде және 
үтікпен орындайды. Өңдеудің ең жақсы сапасына көлемді 
жастықшалары бар, бұйымның әртүрлі бөліктерін өңдеуге арналған 
және булау мен вакуумдық сору жүйелерімен жабдықталған 
үтіктегіш және баспақ жабдықты пайдалану арқылы қол жетеді. 
Көлемді жастықшалары бар баспақтарды пайдалану кезінде 
әуелі көлемді пішінін бекіте отырып, алдыңғы бойларды 
баспақтайды. Бүйір тігістерін, артқы бойды, одан кейін 
жеңтүптерді, иық тігістерін, қолтық ойындысын баса үтіктейді, 
жеңді булайды. Жаға мен үстіңгі иық белдігін баса үтіктейді, жаға 
тіктемесі мен лацкан бүгілісін жатқыза үтіктейді. Одан соң әрбіп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет