По модели – модель бойынша.
4.4-сурет. Табиғи былғарыдан жасалған бұйым түйіндерін өңдеу
де тұратындай етіп салады.
Өңірлерді бір жабық қиықты не
екі ашық қиықты жапсырма
тігіспен өңдеген кезде жиекті алдыңғы бойда өңірді өңірастымен
жөрмеу тігімінен
шығып кетпейтіндеп етіп, одан 1 мм
арақашықтықта орналасатындай етіп бекітеді (4.4-сурет,
а
).
Өңірастыларды бір жабық қиықты жапсырма тігіспен өңдеген кезде
өңірастын алдыңғы бойға өңір шетінен 7...10 мм арақашықтықта
жапсырады (4.4-сурет,
б
).
Өңірлер өңірастының астыңғы қиығын етектің бүгілу
қосымшасына қосып тіккеннен кейін өңірастылармен жөрмелу
імүмкін (4.4-сурет,
в
).
Ілгектерді көбінесе әдіптелген етіп жасайды.
Жағаларды қималы тіктемемен жасайды. Тіктемені қосып тігеді,
ал қосып тігу тігісін айыра тігеді. Жағаны жөрмегеннен кейін және
оны беткі жағына айналдырғаннан
кейін оның ойығы мен қыры
бойынша жөрмеу тігісінен 1...1,5 мм арақашықтықта тігім салады.
Жаға астыңғы жағамен жабық қиықты не ашық қиықты жапсырма
тігіс арқылы жөрмелуі мүмкін. Тігімді үстіңгі
жаға жақтан
326
қиықтардан не бүгілістен 2...3 мм арақашықтықта салады.
Бұйымның мойын ойындысына үстіңгі және астыңғы жағаларды
жеке-жеке қондырып тігеді. Жағаларды қондырып тігу тігісі айыра
тігілуі мүмкін (4.4-сурет,
г
).
Жеңдерді ашық не жабық қолтық ойындысына қондырып тігеді.
Жеңді қондырып тігу тігісін көбінесе бастырып тігеді.
Жең аузын
ашық қиықты бүктеме тігіспен бүгіп тігеді.
Бұйымдарды астармен жөрмейді. Етегі бойынша қосып тігілген
астар дәстүрлі жолмен өңделуі мүмкін. Бірқатар жағдайларда астар
астын бүгіп тігеді, оны бұйым мен бұйым етегінің бүгілу
қосымшасының арасына салады.
Егер астардың бір шеті ашық
болса, бұйым етегі мен астар етегін бөлек-бөлек бүгіп тігеді.
Достарыңызбен бөлісу: