Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет27/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

32
1.2.


Әзірленген эскиздер бойынша таңдалған материалдардан 
модельдер дайындалады. Эскиз немесе таңдалған материалдан 
тігілген эскиз бен үлгі түрінде әзірленген модельдер кәсіпорынға 
беріледі. 
Бұйымды конструкциялау – конструкцияны әзірлеу процесі. 
Конструкция бөлшек қиықтарының түйіскен орындары көрсетілген 
және дайындау әдістері сипатталған нақты шамадағы бұйым 
сызбасы болып есептеледі. 
Техникалық құжаттамада әрбір модель үшін ұсынылатын 
өлшемдер, бойлар мен толықтық; мата артикулы, пішімнің 
техникалық шарттары, лекало ауданы мен матаның шығыс 
нормалары, өңдеу әдістері, лекалоны және дайын бұйымды өлшеу 
кестелері, бұйымды таңбалау, қаптау ережелері көрсетіледі. 
Кәсіпорынның эксперименттік цехы киім модельдерін эскиз бен 
үлгі бойынша өз бетінше әзірлеп, шығара алады, сонымен қатар 
конструкция мен техникалық құжаттаманы әзірлейді. 
Сауда ұйымдары киімді көтерме сату жәрмеңкелерінде ұсынған 
модельдер өнеркәсіптік өндірісте бұйым шығаруға арналған үлгі 
ретінде қызмет етеді. 
Киім дайындау процесіне үш басты цех қатысады – 
эксперименттік, дайындау-пішу және тігін цехы. 
Эксперименттік цех жұмысшылары модельді өндіріске жіберуге 
дайындаумен айналысады. Эксперименттік цех жұмысшыларының 
функцияларына: конструкция әзірлеу және модель үлгісін, бұйым 
лекалосы мен техникалық құжаттаманы дайындау; лекалоны 
тексеру, 
көбейту 
және 
дайындау; 
лекалоның 
аралас 
жайылмаларындағы өлшем, бой үйлесімін таңдау; лекалоның 
эксперименттік жайылмаларын дайындау және матаның шығыс 
нормаларын белгілеу; трафарет дайындау, өндірісте материалдарды 
пайдалану дұрыстығын бақылау кіреді. 
Эксперименттік цехта модельді нақтылау кезінде өлшем мен 
бойы жағынан лекалоны көбейте дұрыстығын тексеру үшін әртүрлі 
өлшемдегі 
бұйымдардың 
бірнеше 
үлгілері 
дайындалады. 
Бұйымдардың тәжірибелік топтамасын әуелі эксперименттік 
цехтың технологиялық тобы тексереді, одан кейін тігін цехында 
конструкцияны және еңбек бөлінісі схемасын соңғы рет 
нақтылайды. 
Дайындау-пішу цехы екі учаскені біріктіреді: даярлау және 
пішу. Дайындау учаскесінің жұмысшылары маталарды қабылдап
сақтайды, олардың сапасын тексереді, мата бөліктерін өлшеп, 
оларды сұрыптайды, төсемдерге арналған мата бөліктерін 
таңдайды, төсемдердің сыртқы алдыңғы бойларында лекалоның 
суреттемесін дайындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет