орындау барвсында жұмысшыға қолайлы болу үшін қажетті
арақашықтықтар әртүрлі: үтіктеу және отырып орындалатын қол
үстелдері – 0,5 м; машина және бұйым үстелде орналасқан жағдайда
тұрып орындалатын қол үстелдері – 0,55 м; бұйым тізеде
орналасқан жағдайда тұрып орындалатын қол үстелдері – 0,75 м.
Баспақтардың арасындағы арақашықтық баспақтардың жұмыс
аймағының орналасуына байланысты. Жұмысшы баспақтардың
арасында болған жағдайда бұл арақашықтық 0,7...0,8 м болуы тиіс;
жұмысшы басқа жабдық пен баспақтың арасында болған жағдайда
0,4...0,5 м; баспақ пен іргелес жұмыс орнының арасында болған
жағдайда 0,8 м.
Жұмыс орындары мен құрал-жабдықтарды қосалқы машина
орындарының
орналасуын
ескере
отырып
және
жұмыс
орындарының адымын сақтай отырып орналастырады. Жұмыс
орнының адымын, м, пальто дайындау кезінде 1,3, костюм
дайындау кезінде 1,2, көйлек-блузка сұрыпталымының бұйымдарын
дайындау кезінде 1,15 м қылып алуға кеңес беріледі.
Жіберу үстелдерінің пішіндері әртүрлі болуы мүмкін.
Жобаланатын кәсіпорындағы орынжайларды үлгілік жобаларға
сәйкес орналастырған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: