Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет4/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

4
Кіріспе


Технологиялық модульдердің әрекет ету принципінің мәнісі – 
жұмыс операциялары өңдеу процесінің басында дайындаманы 
қысқыш қимаүлгілермен бір рет тіркей отырып, бірыңғай 
технологиялық 
циклде 
бірнеше 
тігін 
қондырғыларында 
орындалады. 
Дайын 
өнімді 
ылғалды 
жылумен 
өңдеу 
цехтарында 
автоматтандырылған 
желілер 
бар. 
Көлік 
жүйелері 
мен 
бағдарламалаушы цифрлық компьютерлер ылғалды жылумен өңдеу 
жұмыстарына арналған жабдықтар тізбегін бірыңғай кешенге 
біріктіреді. Арнайы көтергіш ілгіште ілініп тұрған бұйымды іліп 
алып, оны автоматты түрде бір жұмыс орнынан екіншісіне береді. 
Қазіргі заманғы өндіріске компьютерлік техниканы меңгерген 
мамандар қажет, өйткені өндірістің көптеген сатылары аталмыш 
техникамен едәуір деңгейде жабдықталады. 
Кәсіпорын жұмысының жаңа мың жылдықтағы перспективалары 
Интернетпен тығыз байланысады. 
Интернетте құрылған CPFR (Collaborative Planning, Forecasting 
and Replenishment) жобасы — бірлесіп жоспарлау, болжау және 
қорлармен толықтыру, оның өнеркәсіптік тобы дайын бұйымдарды 
өндірушілер мен сатушыларды біріктіреді, олардың заманауи 
басқару және ақпаратпен алмасу құралдарымен қызмет етуін 
қамтамасыз етеді – сату көлемін арттыруға, негізгі және жұмыс 
капиталын, сондай-ақ барлық өткізу тізбегінде айналым қорларын 
азайтуға, 
сонымен 
қатар 
тұтынушының 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға мүмкіндік береді. 
Тігін өндірісінің технологиясы тігін өндірісі саласында білім мен 
машықтың қажетті деңгейін қамтамасыз ететін арнайы пәндер 
цикліне жатады. 
Курсты зерделеу нәтижесінде студент: 

тігін өндірісінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары 
туралы түсінік қалыптастыру; 

тігін 
өндірісінің 
барлық 
сатыларының 
технологиялық 
процестерін, оңтайлы пішу мен материал шығыстарын 
нормалаудың 
ұйымдастырылуын; 
тігін 
бұйымдарының 
бөлшектерін біріктіру тәсілдері мен өңдеу әдістерін білу; 

бұйым бөлшектері мен түйіндерін өңдеу және құрастыру 
бірізділігін құрастыра білу; пішім мен дайын өнімнің сапасын 
бақылауды орындай білу; 

тігін бұйымдарын дайындаудың, тігін бұйымдарын өңдеу 
түйіндерін графикалық бейнелеу мен оқудың технологиялық 
5


операцияларын есептеу дағдыларын меңгеру тиіс. 
Оқулықтың 1 және 6-тарауларын А.Т.Труханова, 2...4- 
тарауларын Э.К.Амирова, 5-тарауы мен 1...4-қосымшаларын О. 
В.Сакулина, 7-тарауы мен 5-қосымшасын — Б.С.Сакулин жазған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет