Е к і а ш ы қ қ и ы қ т ы бастырма тігімді орындау үшін екі
бөлшекті беткі жақтарын ішке қаратып қояды, қиықтарды
теңестіреді және 0,5...1,5 см қосымша әрлегіш тігім еніне тең
арақашықтықта машина
тігімімен біріктіреді.
Бөлшектерді
біріктіргеннен кейін әртүрлі жаққа жайып қояды да, айыра
үтіктейді, одан кейін қиықтардың бірін екіншісіне қарай қайырады,
яғни екі қиықты бір жаққа жатқыза үтіктейді және бөлшектерді
біріктіру тігісінен модельге сәйкес арақашықтықта әрлегіш тігіммен
беткі жағынан бекітеді.
Мақта-мата, жібек, плащ резеңкелі және таспалы жабыны бар
екі қабатты капрон матадан, табиғи және жасанды былғарыдан,
күдеріден, поролонмен, аң терісімен қабатталған материалдардан,
көп қабатты сырма кенептен және ылғалды жылумен өңдеуден әзер
өтетін басқа да материалдардан жасалған бұйымдарда тігістерді
алдын ала айыра және жатқыза үтіктемей бастырып тігеді.
Б і р ж а б ы қ қ и ы қ т ы бастырма тігісті орындау үшін (1.75-
сурет) тігістегі астыңғы бөлшекті үстіңгі бөлшекке қаратып, пальто
мен костюмдерде 0,4...0,7 см және көйлек пен блузкаларда 0,7..1 см
қосымша әрлегіш тігім еніне тең арақашықтықта шығарады және
үстіңгі бөлшектен 0,5 см арақашықтықта қайып тігеді. Одан кейін
бөлшектерді әртүрлі жаққа жайып қояды, ал тігіс қиықтарын
кішісіне қарай қайырады да, модельге сәйкес арақашықтықта
әрлегіш тігіммен бекітеді.
А ш ы қ қ и ы қ т ы бастырма тігіс алу үшін (1.76-сурет)
бөлшектерді беткі жақтарын ішке қаратып қояды, қиықтарды
теңестіреді және арнайы машинада не қолмен біріктіру тігісінен
1.75
-сурет. Бір жабық қиықты батырма тігіс:
а
— беткі жағынан көрінісі;
б
— ішкі жағынан көрінісі
Достарыңызбен бөлісу: