Мақал-мәтелдер
Мақалдар
Мәтелдер
Тоқсан
ауыз
сөздің
тобықтай
түйінін білдіріп,
белгілі бір тұжырым жасайды.
Ой-пікір бейнелі әрі тұспалдан айтылған ишара
түрінде болады.
М: Дұшпанға тастай қатты бол, досыңа
балдай тәтті бол т.б.
М: Жалқау – жарты кісі т.б.
Айырмашылықтары:
Негізінен тура мағынасында
ұғынылады;
Астарлы мағынада түсініледі.
Екі бөлімді болады;
Мағынасы
алшақ
болмай,
тұспалмен
айтылады, сөйлем аяқталмай, толымсыз
болып келеді[9; 184-бет].
Мақал-мәтелдерді сөз еткенде қазақ паремиологиясының дамуына соңғы жылдары
мол үлесін қосқан Әбдуәли Қайдар есімізге түседі. Ғалым атаған ортақ белгілер мен
ерекшеліктерді қысқаша түрде былай көрсетсек болады:
Ортақ белгілері:
Айырмашылықтары:
Мақал:
Мәтел:
1.Мақал-мәтелдер өмірлік
тәжірибеден
туғандықтан, олардың
мағынасында белгілі
бір
өзіндік
тұжырым
жатады;
1.Уағыз,
өсиет,
үндеу
сипатында келеді, онда
дәлел мен қорытынды
пікір қатар беріледі;
1.Айтылатын
ойды
тұспалдап, емеурін
арқылы білдіреді.
196
2.Ахмет
Байтұрсынұлы
атап кеткендей, мақал-
мәтелдер
тақпаққа
жақын келеді. Демек
олардың белгілі бір
ұйқасқа құрылған тұсы
көрінеді, аз ғана сөзбен
көп
ойды
нақты
жеткізеді және даяр
қалпында
қолданылады;
2.Мақал компоненттерінің
саны
мәтелге
қарағанда
көбірек болып, ауқымды
келеді;
2.Мәтелдің
құрамында
етістіктен
болған
баяндауыш
сөз,
көбіне,
айтылмай
түсіп қалады. Бұл
жағдай
мәтелдің
оқиғаны ишаратпен
ғана
жеткізуіне
лайықты жасалатын
тәсіл.
Өйткені
күрделі ойды толық
білдіретін
сөйлем
баяндауышсыз
жасалмайды;
3.Мақал-мәтелдер - әрі сөз
тіркесі,
әрі
фразеологиялық
оралымдар;
3.Мақал
салалас,
сабақтас
құрмалас
сөйлем
түрінде
жиі
ұшырайды.
Өйткені
мақал өмір тәжірибесінде
кездесетін оқиға, жағдай,
іс-әрекеттерді бір-біріне
қарама-қарсы қою
арқылы
немесе
салыстыру
арқылы
баяндап отырады.
3. Мәтел көбіне, жай
сөйлем түрінде, онда
да толымсыз жай
сөйлем
түрінде
кездеседі[1; 398-399
бет].
4.Мақал-мәтелдер -
бейнелі,
экспрессивті мәнде келеді;
5.Қолдану
барысында
дәстүрлі
тұлғасында
да,
трансформацияланған
түрінде де қолданылады.
Осы орайда, Әбдуәли Қайдар еңбегі соңғы жылдары шыққан еңбектердің бірі
болғандықтан, ғалымның мақал-мәтелдерге қатысты, жоғарыдағы ғалымдардың пікіріне
қарағанда, зерттеу аясы күрделі болғандығына көзіміз жетеді.
Қорытындылай келе, мақал-мәтелдер халықтың дүниетанымынан туып қалыптасатын,
өмір өзі түйген ащы тәжірибесінің шындық тұжырымы іспетті. Өмірдегі іс- қимылдың
«Дұрысы қайсы?», «Бұрысы қайсы?» т.б. адам баласының сан алуан әрекетінде «Таймас,
табынды бағыты қайсы?» соны дөп көрсетеді. «Сөз ақылы – мақал»,- дейді халық. Мақал-
мәтел бұрын тек ауызекі тілде ғана қолданылса, жазу-сызу шыққан соң публицистика, тарих,
әдебиет жанрларында да қолданылатын болды. Афоризм, қанатты сөздер бүгінгі қазақ
жазушыларының шығармаларында да аз емес. Олардың арғы тегі мақалдан туса керек. Бұдан
шығатын қорытынды: мақал-мәтелдердің қолданылу аясы кеңеюде, ал ол болса тілдің
дамуына, қолданылу аясының кеңеюіне ықпалын тигізеді.
Әдебиеттер тізімі:
197
1.
Сыздықова Р. Ауызша дамыған қазақ әдеби тілі. – Алматы, 2017. - 242 б.
2.
Қайдар Ә.. Ғылымдағы ғұмыр. Мақалалар, баяндамалар жинағы. – Алматы: Сардар,
2014. - 520 б.
3.
Тұрманжанов Ө. Қазақ мақал-мәтелдері. – Алматы, Ана тілі, 1993. - 176 б.
4.
Оралбаева Н., Мадина Ғ., Әбілқаев А. Қазақ тілі(практикалық курс). – Алматы,
1964 ж.
5.
Жүнісова М. Қазіргі қазақ тілі. Оқу құралы. – Алматы, Дарын, 2008. - 274 б.
6.
Әлімбаев М. Маржан сөз. Мақал-мәтелдер. – Алматы, Жазушы, 1978. - 448 б.
7.
Жахина Б.Б., Курманова А.К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: бақылау-пысықтау
материалдары. – Көкшетау, 2016. - 83 б.
8.
Байтұрсынұлы А. Қазақ тіл білімінің мәселелері/Құраст.:Ғ.Әнес. – Алматы: Абзал-
Ай, 2013 ж.
9.
Исакова С., Артықова Т. Нормативті қазақ тілі(жоғары оқу орындарының қазақ тілі
мен әдебиеті мамандықтарының стуленттеріне арналған оқу құралы). – Ақтөбе,
Достарыңызбен бөлісу: |