414
Қорытынды: Зерттелетін қар суының иісі жағымды, ASU бутилденген суының иісі өте
әлсіз, ағын суының иісі өте күшті.
Түсін анықтау. Пробирканы сумен (10см) толтырып, бүйірлік жарықтандыру жеткілікті
ақ фонда пробирканы жоғарыдан қарап судың түсі анықталды.
Қорытынды: қар суының түсі мөлдір, ASU бутилденген суының түсі мөлдір, ағын
суының түсі сарғыштау (2-кесте).
Кесте 2. Органолептикалық зерттеулер нәтижелері
Судың
органолептикалық
көрсеткіштері
Үлгі №1
Үлгі №2
Үлгі №3
Иіс
Жағымды
Әлсіз
Өте күшті
Дәмі
Қышқыл
Дәмсіз
Хлор дәмі және тат дәмі сезіледі
Түсі
Аздап мөлдір
Мөлдір
Сарғыш
Табиғи сулардың қышқылдығын анықтау. Судың қышқылдығы pH-метр көмегімен анықталды
(кесте 3). рН = 7,5-8,5 аралығында жатқандықтан, сулар әлсіз сілтілік ортадағы суларға
жатады.
Кесте 3. Су түрлерінің рН көрсеткішін анықтау
Үлгі №1
Үлгі №2
Үлгі №3
pH=7,0
рН=7,5
pH=7,6
Су үлгілеріндегі иондарды сапалық анықтау
жолдары.
Cu
2+
ионын анықтау.
Фарфор шыныаяққа 3-5 мл зерттелетін суды құрғағанша
буландырып, дақтың шеткі бөлігіне бір тамшы концентрлі аммиак ерітіндісін тамызылды.
Қарқынды көк немесе күлгін түстің пайда болуы Cu
2+
ионы бар екенін көрсетеді. Өзгерістің
болмауы мыс ионының жоқ екендігін айқындайды.
СІ
-
ионын анықтау. 10 мл су үлгісіне 1 тамшы азот қышқылы және 0,5 мл күміс нитраты
ерітіндісі қосылды. Лайлану Үлгі №2 және Үлгі №3 айқын пайда болды, демек сапалық
реакция нәтижесінде бұл үлгілерде хлорид иондары бар болып шықты.
SO
4
2-
ионын анықтау. 10 мл су үлгісіне 2 тамшы тұз қышқылы және 0,5 мл барий
хлориді ерітіндісі қосылды. Аздап жоғалып бара жатқан бұлыңғырлық байқалды. Сульфат
иондарының концентрациясы 1 мг/л-ге тең кесте бойынша анықталды. Ағын суда сульфат
ионының концентрациясы жоғары болды, себебі ақшыл тұнба түзілді.
Темірдің жалпы мөлшерін анықтау. Пробиркаға 10 мл зерттелетін су құйылды, 3
тамшы концентрлі HNO
3
және 1 мл 20% - ті калий тиоцианат ерітіндісі қосылды. Барлық
үлгілерде әлсіз қызғылт түс сақинасы байқалды, темірдің шамамен концентрациясы бар
екендігін көрсетеді (3-кесте).
3-кесте. Су құрамындағы иондарға сапалық реакция
Cапалық реакциялар
Су үлгілері
Үлгі №1 Үлгі №2
Үлгі №3