441
Жалпы оқу барысындағы физикалық есептер көп қиындықтар тудырмайды, ол
логикалық тұжырым көмегімен немесе есеп туралы толық мәлемет беру арқылы шығарудың
тиімді жолдарын ұсынады және физиканың заңдары мен әдістері негізінде математикалық
есептеулер мен эксперименттің көмегімен шығарылады.
Зертханалық жұмыс кезінде есептерді шығару, көптеген мақсаттарды көздейді:
жұмыстың мақсаты, физикалық құбылыстардың мазмұнын түсіну, ұғымдарды қалыптастыру,
студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту және оларға өз білімдерін іс жүзінде қолдана
білуге үйрету, студенттердің білімдерін, дағдылары мен іскерліктерін қадағалау және есепке
алу. Осы жұмыстың мақсаттарына қол жеткізу үшін есептің шартын жеткілікті түрде түсіну
қажет. Оған жету жолдарының бірі арнайы «Mechanics» зертханалық бағдарламаны дұрыс
пайдалана алу. [2; 113- бет]
Есеп шығару барысында «Mechanics» зертханалық бағдарламасы физика мұғаліміне
физикалық есептеу экспериментіне жиірек сүйенуге, қандай да бір физикалық шамалардың
арасындағы байланысты көрнекі түрде көрсетуге, оқытудың қолданбалы бағытталуын
күшейтуге септігін туғызатын физикалық - техникалық мазмұндағы есептерді тереңірек
зерделеуге мүмкіндік береді.
Компьютерді пайдалана отырып, зертханалық жұмысты орындау кезінде, есеп шығару
процесін шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:
-теорема
-кесте
-шешуі
-қорытынды
-зертханалық жұмысқа байланысты пысықтау сұрақтары
Осы «Mechanics» зертханалық бағдарламасы көмегімен шығарылатын есептер
мынадай жаңа дағдыларды үйретеді: [3;57- бет]
- Белгілі формулалар бойынша бірнеше қайталап есептеуді жүргізуге болады;
- Салыстырмалы және абсолютті қателіктерін табуға;
-Кесте мен график салып үйренуге;
-Жұмыс мақсатын пысықтау сұрақтарына жауап беру дағдыларын үйретеді.
«Mechanics» зертханалық бағдарламасы
Физикалық
Достарыңызбен бөлісу: