Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


БАСТАУЫШ МЕКТЕП КУРСЫНДА ТЕҢДЕУЛЕРДІ ШЕШУДІҢ КЕЙБІР



Pdf көрінісі
бет494/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   490   491   492   493   494   495   496   497   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

БАСТАУЫШ МЕКТЕП КУРСЫНДА ТЕҢДЕУЛЕРДІ ШЕШУДІҢ КЕЙБІР 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сәруарова Н.Б. 
Ғылыми жетекші: Мусайбеков Р.К. – академиялық доцент, жаратылыс ғылымдарының 
магистрі, оқытушы - дәріскер
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ-сы 
saruarovanaz@gmail.com
  
50-60 жылдарда «Арифметика» пәні болатын, осы пәнде арифметикалық төрт амалдың 
көмегімен есептеулер жүргізілетін, мәтінді есептер шығарылатын. Осы мәтінді есептерді 
шығарғанда арифметикалық әдіс қана қолданылатын. Өзгерістер енгізулерге байланысты 
геометриялық фигуралардың (үшбұрыш, шаршы, тік төртбұрыш) ауданы мен периметрін 
есептеуге қатысты тапсырмалар, сызықтық теңдеулерді шешуге байланысты т.с.с. 
тапсырмалар пәннің құрамында пайда болды. Сонда арифметика+геометрия+алгебра+... пәні 
пайда болды да, оны математика деп атады. Бастауыш сынып оқушылары теңдеулерді 
шығаруды үйрене бастады. «Теңдеу дегеніміз құрамында айнымалы бар теңдік. Әрине, теңдік 
ақиқат болуы үшін айнымалының мәнін табу керек». А.В. Белошистая, Бантова М.А., 
Бельтюкова Г.В. өздерінің еңбектерінде жоғарыдағы анықтамаға ұқсас анықтамалар берді [1; 
20 б.], [2; 33 б.].
Бастауыш мектепте математикалық білімдер жүйесін оқытуда теңдеудің орны ерекше. 
Теңдеуді терең түсініп меңгеру математикалық білімдерді одан әрі дамытуға, қоршаған 
ортадағы сан алуан құбылыстарға, терең мағыналы модельдер жасауға үйретеді. Теңдеулерді 
шешу оқушыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелейді. Қарастырылатын мәселерді ең тиімді, 
ұтымды, пайдалы жақтарынан зерттеуге үйретеді. Атқарылатын жұмыстарға терең, 
салыстырмалы түрде жан–жақты талдаулар жасай отырып, дұрыс жоспар құруға пәрменді 
көмегін тигізеді. Орындалған жұмыстардың нәтижелеріне сыншыл көзқараспен 
қорытындылар жасауға үйретеді. Оқушылардың ойлау жүйесінің, ой қорытындыларының 
ұтымды логикалық жолымен дамуына кең жол салады. Олай болса, теңдеулерді шешуі мектеп 
математикасын басқа салалары сияқты, оқушылардың ойлау жүйесінің жас жеткіншектерге 
лайықты дамуына, оларды қоғамға, Отанына пайдалы азамат болып қалыптасуына лайықты 
пайдасын тигізеді. 
Теңдеуде міндетті түрде төрт амал кездеседі: қосу, азайту, көбейту, бөлу. Сол себептен 
қосу, азайту, көбейту, бөлудің мүшелерін (компоненттерін) оқушылар біліп, бір-бірінен 
ажыратулары қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   490   491   492   493   494   495   496   497   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет