беріледі.
Сондықтан аңдатпа мәтініндегі сейлемдер жалпылама,
ақпараттық сипатта болып, «не туралы айтылды» деген тақырыптықұғым
тұрғысында емес, «не айтылды» деген сұраққа құрылуы керек. Аңцатпа
үшіншіжақта
жазылады.
Аңдатпаның басты м ақсаты - өте аз тілдік құралдармен зерттеудің
мәні мен жаңашылдығы туралы хабарлама жасау арқылы оқырманның
назарын аудару, оқырман қызығушылығын ояту. Осы екі мәселе нақты
қамтылуы керек. Журнал бетінде жарияланатын барлық ғылыми
мақалалардың авторлық аңдатпасы болуы тиіс.
Әр басылымның аңдатпа көлемі мен құрылымына қатысты өз
талаптары болады. Мәселен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің «Хабаршысында» мақала аңдатпасы қазақ, орыс және
ағылшын тілдерінде 7-8 жолдан аспайтын 800-1000 белгіден тұруы
керек. Ал «Вестник Санкт-Петербургского университета» журналына
жарияланатын мақалаға берілген авторлық аңдатпа орысжәне ағылшын
тілдерінде жазылып, аралық ашықтарымен қоса есептегенде 500-900
белгіден тұруы шарт.
Әлемдік тәжірибе бойынша авторлық аі-щатпада мақаланың қысқаша
мазмұны көрсетіледі. Кейде аңдатпада мақала құрылымы сақталады, яғни
кіріспе, зерттеудің мақсатгары мен міндеттері, әдістері және қорытынды
беріледі. Сапалы жазылмаған аңдатпада мақаланың тақырыбы, не
тақырыптың мазмұны жалпы сөздермен қайталанып, зерттеудің мәні
ашылмайды, мұндай аңдатпалар келемі жағынан да мардымсыз болып
келеді. Аңцатпада шығармаға баға беріп, автор туралы мәліметтер
келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланыңжазылу тарихын қамтуы,
әдебиеттерге және тағы басқа деректбрге сілтеме жасауы да мүмкін.
Оқырман аңдатпаға сүйене отырып, езіне қажетті әдебиетті таңдай
алады.
Аңдатпа әрқашан тірек сөздермен берілуі шарт.
Достарыңызбен бөлісу: