Қан кету (грекше - қан, - ағу) - қанның жүрек-қантамыр жүйесінен
олардың
бүтіндігінің бұзылуы салдарынан сыртқа шығуы (жүрек
қуыстары мен
тамырлардан).
КІРІСПЕ
Қыл бұрау салу
.
Қан тоқтатудың сенімді тәсілі.
Көрсеткіштері:
» аяқ-қолдағы артериялардан қан кету;
» аяқ-қолдағы кез-келген масситві қан кету.
Қыл бұрау салудың ережелері:
1. Қыл бұрау салар алдында аяқ-қолды жоғары көтеру керек.
2. Қыл бұрауды жарадан жоғары жерге және мейлінше оған жақын жерге салу керек.
3. Қыл бұраудың астына мата (киім) салу керек.
4. Қыл бұрау салған кезде оны біркелкі соза отырып 2-3
айналым жасау керек және
айналымдары бір-бірінің үстіне жатпауы тиіс.
5. Қыл бұрау салғаннан кейін оның салынған уақытын дәл көрсетіп жазу керек.
6. Дененің қыл бұрау салған жері қарауға қолайлы болуы тиіс.
7. Қыл бұрау салынған жаралылар бірінші кезекте тасымалданады және оларға бірінші
кезекте көмек көрсетіледі.
8. Қыл бұрауды алдын-ала ауыртпайтын дәрі берілген соң ғана босату керек.
Қыл бұраудың
дұрыс салынғандығының
белгілері.
» Қан кетудің тоқтауы;
» Шеткі пульсацияның жойылуы;
» Аяқ-қолдың бозарып мұздауы.
Қыл бұрауды аяқта 2 сағаттан артық, ал қолда
1,5 сағаттан артық ұстауға болмайды. Бұлай
болмаған
жағдайда
аяқ-қолда
ишемия
салдарынан
өлі еттену процестері дамуы
мүмкін.
Жаралы адамды ұзақ уақыт тасымалдау қажет
болғанда қыл бұрауды әр сағат сайын 10-15
минутқа босатып отыру қажет.
Қыл бұрауды
босатқанда
қан тоқтатудың басқа уақытша
әдісін қолдану керек (саусақпен басу).